Әлем жаңалықтары: Туристердің көзайымына айналған мешіт
Әлем жаңалықтары: Туристердің көзайымына айналған мешіт
9 жыл бұрын 5845

Малайзия астанасындағы Вилайят Персекутуан мешіті тек мұсылмандар құлшылық ететін орын ғана емес, сонымен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылатын орынға айналған. 2009 жылы қабылданған «Мешітке кел» бағдарламасы бойынша сәулеті мен дизайны өзгеше осынау мұсылмандардың құлшылық үйіне алыстан ат арытып келетін туристердің қарасы жыл сайын бірнеше мыңдаған адамға артып келеді. Аталмыш бағдарламаның орындалуына жауапты тұлға Әзіз Мохд Нордың айтуынша, мешітке бас сұққан наным-сенімі өзге туристерге ислам діні жайында ақпарат беріледі, ғибадат ғимаратының ішінде шағын экскурсия ұйымдастырылады. Өткен жылы бұл мешітке 4 384 турист келген. Олардың дені Корея, Жапония, Малайзия Үндістан және Франция азаматтары.

 

Өзбекстанның бұрынғы мүфтиінің аты Оңтүстік Кореядағы мешітке берілді

Оңтүстік Кореядағы жаңа мешіттердің бірі жуырда, яғни, үстіміздегі жылдың наурыз айының 10-ы күні жүрек талмасынан қайтыс болған көрнекті ислам ғұламасы әрі шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Жүсіптің құрметіне орай аталатын болды. Оның қазасы туралы осыдан санаулы күн бұрын ғана өздеріңізге хабарлаған едік, құрметті оқырман. Мына жаңалықты естіп, «әп, бәрекелді!» дестік. Өткен аптада Оңтүстік Кореяның Кожедо елді-мекенінде жаңа мешіт ашылған болатын.

 

«Аллаға сүйіспеншілігі» үшін кешірім сұрады

Естеріңізде болса, осыдан бір-екі күн бұрын сайтымыздың «жаһан жаңалықтары» айдарында Лондон мегаполисінің маңындағы Саутварк елді-мекені священнигі Джилс Годдардтың жергілікті шіркеуде мұсылмандарға құлшылық етуіне рұқсат беріп қана қоймай, ол да жамағатпен бірге намаз оқығаны турасында хабарлаған едік. Бұған қоса, ол «»Біздің бір-ақ құдаймыз бар, Ол – Аллаһ» деп үн қатқан болатын. Оның бұл әрекетін сынға алғандар «шіркеу тәртібіне нұқсан келтірді», деп айыптаған болатын. Ақыры консервативті христиандардың қысымымен священник жұртшылықтан кешірім сұрауға мәжбүр болды. Бұл жайында Church Times ақпарат көзі хабар таратты.

 

Индонезиялықтар Жапонияда мешіт салады

Индонезиялықтар Жапонияның Кобе қаласында мешіт салатын болды. Аталмыш жобаның құрылысын күншығыс елінде тұратын индонезиялықтардың басын біріктіретін ACIKITA ұйымы жүргізеді. Аталмыш ұйым 2006 жылы Жапонияда 2006 жылы құрылған болатын әрі оған осы елде білім алып жүрген индоензиялық студенттер де, кәсіпкерлер де, өзге де мамандық иелері де мүше. ACIKITA төрағасы Жумиарти Агустың сөзіне қарағанда (Jumiarti Agus) мешіт салу үшін қала билігінен рұқсат алу, қарасы 200-ден кем болмайтын қала тұрғындарының келісімін алу да қиындық тудырмаған. 

 

Брюсселде имамдар жетіспейді

Бельгиялық мұсылмандар жамағатының жетекшілері Еуропалық одаққа мүше елдердегі қауіпсіздікті күшейту шараларының бірі ретінде жастарды түрлі радикалдық топтардың жетегінде жібермей хақ дінге баулитын білікті имамдардың көптеп тартуға шақырды. «Бельгиядағы мұсылман жастары жұмыссыздық мәселесі тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, өздерінің діні мәне мәдениетін ұстануда қағажу көріп, қоғамнан шеттеп қалды»,- деді Брюссел қаласыындағы мешіт имамы Кастит Мустафа (Kastit Mustafa). Қазіргі уақытта бұл шаһарда 77 мешіт немесе намазхана бар. Ал ел аумағында 300-ден аса мешіт пен намазхана жұмыс істейді.

 

Германияның мұсылмандары мен иудейлерінің ынтымақтастығы

Германиядағы Орталық еврейлер кеңесінің бұрынғы бас хатшысы әрі америкалық еврей конгресінің Берлиндегі өкілі Стефан Крамер (Stephan Kramer) алдыңғы күні, яғни, бейсенбіде осы елдегі мұсыылмандар мен еврейлердің түрлі салаларды тізе қосып, еңбек етіп келе жатқанын мәлімдеді. Берлин қаласындағы шетелдік пресса ұйымдастырған «Германиядағы исламофобия және антисемитизм» деп аталатын шара барысында Стефан Крамер мен осы елдегі мұсыылмандар орталық кеңесінің жетекшісі Әлі Қызылқая Германиядағы ксенофобия құбылысы төңірегінде сөз сөйледі. Олар мұсыылмаандар мен еврейлердің сүндетке отырғызу, халал тағам өнімдері және шариғат шәлісі секілді екі дінге де ортақы болып келетін істерде бірігіп жұмыс істейтіндерін жеткізді.

0 пікір
Мұрағат