Пайда мен зиян: Кола обыр ауруын тудырады
Пайда мен зиян: Кола обыр ауруын тудырады
9 жыл бұрын 8894

Жуырда жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қарақошқыл түсті, тәтті әрі газдалған осынау сусын түрін жиі ішетіндердің бойында ем қонуы екіталай обыр сырқатының пайда болу қатері жоғары болады. Бұған аталмыш сусын құрамындағы қажетсіз, тіпті, зиянды қоспалардың көптігі себеп болмақ. Джонс Хопкинс университетінің жанындағы қоғамдық Блумберг денсаулық мектебінің мамандары құрамында спирті жоқ кейбір сусындарды дайындауда жасанды карамелді бояғыш ретінде 4-метилимидазол (4-MEI) пайдаланады екен. IBTimes басылымы хабарлағандай, алты жастан асқан балалардың 44-58 пайызы күніне жоқ дегенде бір банкі газдалған сусын ішетін көрінеді. Обырды «оятуға» осының өзі жетіп жатыр. Ал қоспалардың дені денсаулыққа пайдалы болғаны үшін емес, тек түсін және дәмін тартымды ету үшін қосылатын болып шықты. Кока-кола туралы аңызға бергісіз алып-қашпа сөздерді есепке алмағанда, денсаулыққа зиянды болғандықтан Ресей Федерациясында оны ішуге тыйым салатын пәтуа барын біреу білсе, біреу білмес, бұған қоса, оның зияндылығы жайында ғылыми дәлелденген талай мақала да жарық көрген болатын бұқаралық ақпарат құралдарында. Тіпті, коланың химиялық құрамына байланысты оның көмегімен дақтарды кетіруге болатыны жөнінде сайтымыздың орысша нұсқасында жуырда арнайы мақала жарық көрді. Бұл сусынның тым қышқылдығы автокөлік аккумуляторының контактісін, дақтарды тазартуға болатыны жөнінде әңгіме көптен бері айтылып келеді. Ал бұл сусын адам ағзасы мен денсаулығына қалай әсер етеді? Іштіңіз. Он минут өтті. 10 шай қасық қант қосылған сусынды сіміргеніңізбен жүрегіңіз әсте айнымайды. Өйткені, фосфорлы қышқыл шекердің әсерін білдіртпейді. Ал 20 минуттан кейін қаныңызда инсулин артып, бауырыңыз шекерді майға айналдырады. 40 минут өтті. Кофеинді сіңіру процесі аяқталды. Сіздің көз қарашыңығыз ұлғайып, қан қысымыңыз артады. Өйткені, бауыр қанға қантты көп айдайды. 45 минут өткеннен кейін мидың қанағаттандыру орталығының қызметін ынталандыратын дофамин гормонының түзілуі артады. Героиннің де әскері осындай болады. Бір сағаттан соң: фосфорлы қышқыл ағзаңызға аса қажетті магний, цинк және кальций элементтерін зәрмен бірге айдап шығады. Кола құрамындағы барлық су зәрмен бірге сыртқа кетеді.
Қант қосылған сусындар жатыр обырын тудырады
Эндометриалды обырының немесе әйел жатыры обырының пайда болуы қатері көбінесе қант қосылған сусындаарды жиі ішетін ақ жаулықтылардың бойында жоғары болатын көрінеді. «Эпидемиология рака, биомаркеры и профилактика» басылымында жарияланған Миннесота университеті ғалымдарының мақаласында айтылғандай, зерттеушілер 23 мыңнан аса әйелдің ауру тарихын зерделеген. Қант қосылған сусындарды жиі тұтынатын әйелдердің 78 пайызында эндометриалды обырдың пайда болу қатері жоғары болып шыққан. Елімізде, яғни, Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурулардан шамамен 17 мың адам қаза табады екен, оның 4,8 пайызын әйелдердің жатыр обырынан көз жұмғандар құрайды. Статистикалық мәліметке қарағанда жылына шамамен 80 адам обыр дертіне шылдығатын көрінеді. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қант қосылған сусындарды тұтынбауға кеңес береміз, бұл өз кезегінде денсаулығыңызды түзеп қана қоймай, ғұмырыңызды ұзартуға септігін тигізеді.

 

Пайдасы мол 8 сусын

Дәрігерлер мен мамандардың айтуынша, осы 8 сусын адам ағзасына ерекше пайдалы екен.

Көк шай

Көк шайдың құрамында флаваноид, полифенол мен антиоксиданттардың саны көп болғандықтан, ол еркін радикалдарды бейтараптайды, сүйекті бекітеді, жүрек-талма ауруларынан қорғайдыжәне қатерлі ісік ауруының қаупін төмендетеді.

Жалбыз шайы

Бұл сусын асқорыту жүйесін ретке келтіріп, қорытуды жеңілдетеді. Сонымен қатар, жалбыз шайы бұлшық ет ауруларынан жазу қасиетіне ие.


Майлылығы аз сүт

Сүт ұзақ мезгілге дейін тәбет шақырмай, артық салмақтан арылуға көмектеседі. Сүттің құрамында күрделі көмірсулар, ақуыздар, кальций және В дәрумені бар. Майлылығы 1% сүтті ішсе де, жеткілікті екен.

 

Соя сүті

Соя сүті қандағы холестериннің деңгейінің өсуі есебінен жүрек-талма ауруының үдеуінің бетін қайтарады. Алайда сиыр сүтін соя сүтімен толықтай алмастыруға болайды. Ондай жағдай кальций мен А және D дәрумендерінің жетіспеушілігіне әкеліп соғады.

Ыстық шоколад немесе какао

Какао мен ыстық шоколад жүрек-талма ауруларының өршуіне қарсы тұрады. Олардың құрамына кіретін полифенол жасушалардағы еркін радикалдардың әрекетінен сақтайды.


Қызанақ шырыны

Қызанақ шырынында кездесетін ликопен көптеген мүшелердің: өкпе, асқазан, ішек, бауыр мен жатыр онкологиялық ауруларына ем ретінде пайдалы. Сонымен қатар, қызанақ шырыны жүрек-талма ауруларының өршуін төмендетеді.


Мүкжидек шырыны

Бұл шырынның пайдасы жөнінде ғалымдар көп нәрсе айтқан. Ол ас қорыту және зәр шығару жүйелерінде болатын індеттерден қорғайды. Сонымен қатар, мүкжидек шырыны тіс иегіндегі ауруларды болдырмайды және қандағы холестериннің деңгейін төмендетеді.


Апельсин шырыны

Апельсин құрамында кездесетін С дәрумені көптеген аурулардан: көз ауруынан және қатерлі ісік ауруынан қорғайды, иммунитетті жоғарылатады. Дәрігерлер жүктілік кезінде апельсин шырынын ішуді әдетке айналдыру керек дейді.

0 пікір
Мұрағат