Әлем бойынша терроризмнен қанша адам опат болды?
Әлем бойынша терроризмнен қанша адам опат болды?
7 жыл бұрын 2883 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Лондон қаласында Экономика және әлем институтының (The Institute for Economics and Peace) сарапшылары жасаған, "Терроризмнің ғаламдық индексі" деп аталатын баяндамада әлемнің 163 елдіндегі ахуал талданған екен. Аталмыш ұйым мамандары келтірген дерекке қарағанда, өткен жылы, яғни, 2016 жылы әлемнің 77 елінде террористер қолынан 25 мың 673 адам опат болған. Бұл 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 22%-ға кем. 2014 жылы бұл көрсеткіш 33 мың адамды құраған еді. Террористер тарапынан ең қауіпті елдер: Ирак, Ауғанстан, Нигерия, Сирия, Пәкістан және Йемен. Террористер қолынан қаза табатындар қарасының азаюы ең алдымен терроризммен күрестің тиімді жолға қойылып келе жатқанынын да жеткізді. Террористерден қауіпсіз елдер арасында Түркіменстан мен Беллорусия көш бастап тұр. 

0 пікір
Мұрағат