|
Айналдырған аз жылдың ішінде халқының саны екі есе өскен
|
Біріккен Араб Әмірлігі халқының саны 2008 жылдан бері осы уақытқа дейінгі аралықта 9 млн адамға көбейген. 2008 жылы аталмыш ел аумағындағы тұрғындар саны бар-жоғы 4,8 млн адамды құраған екен. Бәскеге қабілеттілік және статистика жөніндегі федералды басқарма келтірген мәліметке қарағанда, қазіргі уақытта аталған ел аумағында 9 121 167 адам тұрып жатыр. Тағы бір дерек бойынша бұл елдегі әр ер-азаматқа үш әйелден келеді екен. Айта кету керек, бұл елде халық санағы жиі жүргізіліп тұрады. Лауазымды қызметкерлердің айтуынша, халық санағын жиі жүргізіп, халық санын біліп отыру алдағы уақытқа жоспар құруға көп көмектеседі. Айналдырған аз жылдың ішінде аталған ел демографиялық мұндай оң көрсеткішке қалай қол жеткізді? Бұл жағы айтылмай қалған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытайдың Такламакан шөліндегі бидай өнімділігі ұлттық орташа көрсеткішті екі есеге арттырды
■
Әлемді жаңа әлеуметтік желі жаулай бастады
■
Жасанды зердеге байланысты студенттерді дипломды қорғау жұмысын жазудан босатты
■
Түркияда қарттарға жасанды зердені пайдалануға лицензия береді – цифрлы қатерден қорғау үшін
■
Азия елінде миссионерлік қызметте шетелдік валютаны пайдалануға тыйым салынды