Әйелдердің құқығын кеңейтіп жатыр
Әйелдердің құқығын кеңейтіп жатыр
7 жыл бұрын 2233 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Патриархалдық тәртіп үстемдік еткен консервативті Сауд Арабиясында әйелдердің құқығын кеңейтуге бағытталған төрт бірдей шешім билік тарапынан мақұлданды. Нақтырақ айтқанда, аталған елдің әділет министрлігі ел аумағындағы әйелдердің құқығын қамтамасыз ететін шешімдерді заңдастырды. Тарқатып айтсақ, ажырасқан әйелдерді, балаларға қамқор әйелдерді, жас қыздарды және заң факултетін бітірген әйелдерді қорғайтын шешім қабылданды. Мәселен, заң факултетін бітірген әйелдер адвокат ер адамдарға артықшылық берілгендіктен өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмайтын еді. Сондай-ақ, аталмыш монархиялық елде жасы 17-ге толмаған бойжеткенге тұрмысқа шығуға ресми түрде тыйым салынған. Әділет министрлігі, сонымен бірге, ажырасқан әйелдер мен олардың балаларына алимент төлеу қорын ашуды құп көріп отыр. Бұл қордың жұмысы мен бюджетін әділет министрліктің өзі қадағалайтын болады.

0 пікір
Мұрағат