|
Адамдарға гүлдер мен хадис кітаптарын тегін таратты
|
Оңтүстік Калифорниядағы мұсылман әйелдер ұйымы өткен жексенбіде Лос-Анджелес тұрғындарын бір қуантты. Қалай десеңіз, гүл шоқтары мен тәрбиелік мәні зор кітаптарды тегін таратты.
Мұсылман белсенді қыздар бірнеше ауданда 1500 түп роза гүлі мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистері жазылған парақшаларды таратып шықты. Сондай-ақ, мұқтаждарға көмектесіп, ауру-сырқаулардың көңілін сұрау секілді үлгілі әрекеттерімен көзге түсті.
"Қазір Ислам жайында көптеген кереғар пікірлер қалыптасқан. Қазіргі БАҚ өкілдері мұсылмандардың шынайы өмірін өкінішке орай көрсетпейді. Олар сол Ислам атына кір келтіретін кейбір адамдарды ғана көрсетеді", - дейді шараны ұйымдастырушы Шализи Афтаби Orange County Register-ге берген сұқбатында.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды