|
7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
|
Дубайда тұратын 41 жастағы Үндістан азаматы әлемге әйгілі Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Ислам діні мен Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаға (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) тіл тигізгені үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылуы және түрмеден шыққан соң елден қуылуы мүмкін. Осындай себеп бойынша тұтқындалған күдіктінің аты-жөні айтылмаған. Оның бұл қылмысы елеусіз қалар ма еді, егер ғаламтор пайдаланушының бірі байқап қалмағанда. Қазіргі уақытта күдіктінің смартфоны сараптамаға жіберіліп, тексеріліп жатыр. Егер қылмысқа барғаны дәлелденсе, оны біз жоғарыда сөз еткен жаза күтіп тұр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды