|
160 мыңдай адам қажылықтан кері қайтарылды
|
Сауд Арабиясының билігі нұрлы Мекке шаһарына қажылық парызын орындауға 160 мың адамды жіберген жоқ. Өйткені, олардың тиісті рұқсаты болмаған. Бұл жайында қажылық істері жөніндегі орталық комитеттің жетекшісі әрі Мекке әкімшілік округының әміршісі Халед әл- Фейсал хабарлады. Осы уақытқа дейін қажылық парызын орындауға 700 мың адам келіп үлгерген. Алдын ала мәліметке қарағанда, биыл қажылық парызын орындауға шамамен 1,5 млн адам келмек. Биыл Құрбан айт қыркүйек айының 24-26 күндеріне сәйкес келіп тұр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады