Өткінші жалған мынау!
Өткінші жалған мынау!
9 жыл бұрын 4116
Ерлан Садуақасұлы

Өткінші жалған мынау!

Бітпейтін, толған сынау!

Қабірге  кіргенді ойлан,

Қинамас  арман сұрау!

 

Бай болсаң шақырғанда,

Дос жаран тегіс келер!

Жаның жер жамылғанда,

Келеді періштелер!

 

Бай болып жүргеніңде,

Мақтауға құлақ қанар.

Қабірге  кіргеніңде,

Жаныңды сұраққа алар!

 

Жатқандай бекіністе,

Барыңа иланарсың!

Өлген соң өкініштен,

Қабірде қиналарсың!!!

 

Сенбегін пани жалған!

Сенбегін бәрі өткінші!

Шын адам болу арман,

Түзейтін керек сыншы!!!

 

Дұғаңмен қолды сермеп,

Мінәжәт жасай білгін!

Иманмен жанды тербе,

Бұйырар Жаннат кілті!!!

 

Уакытың бос өтпесін!

Иманмен, сеніммен жүр!

Мейлі жүрт бөлектесін,

Жаратқан сенімен бір!

 

Бос күннің әр біріне

Ертен бір өкінерсің!

Қиындық  келісімен,

Ақылға бекінерсің!

 

Қиындық көрмеген жан,

Сұрар ма медет тілеп?

Қорықса бір Алладан,

Рухты бөлек жүрек!

 

Жер басып жүрген пенде,

Мән берсін қаламыма!

Кетерміз сенде, менде,

Махшардың алаңына!

1 пікір