Османлы империясы кезінде біраз славян халқы мұсылман дініне өтті...
Османлы империясы кезінде біраз славян халқы мұсылман дініне өтті...
2 ай бұрын 4655

Оңтүстік славяндар бірнеше ғасыр бойы Осман империясының қол астында болып, мұсылмандардың әмірінде өмір кешті. Сондықтан олардың көпшілігі өз сенімдерін тастап, Исламды қабылдады. 

Бошняктар Осман империясы кезінде Исламды алғашқылардың бірі болып қабылдады. Қазір олар Босния-Герцеговина жерінде тұрады. Олардың артынан Помактар ​​Ислам дінін қабылдады. Болгар ұлтты саналатын Помактардың қатары – миллионға жуық. Алайда, олардың басым көпшілігі Болгариядан тыс елдерде тұрады.


Бошняктар

Исламды Төрбештер (Торбеши) де қабылдады, олардың нақты саны белгісіз. Төрбештер - Македонияның мұсылман халқы. Осы жерде айта кететіні: Төрбештердің ұлты жөнінде екі ұдай пікір бар. Олар көбіне өздерін албандармыз немесе түріктерміз деп атайды, алайда, этникалық тұрғыдан алып қарағанда олардың славян тектес екендіктері басымырақ.


Төрбештер

Косовоның оңтүстік-батысында тұратын горандықтар, средттер және подгориандар да этникалық славяндар санатынан. Олардың саны өте аз (олардың адам саны жағынан ең көп деген горандықтардың өзі шамамен 25000 адам). Айтпақшы, этникалық тұрғыда славян саналатын «Рафчандар» да Косовода тұрады, бірақ бүгінде олар өздерін албандардан бөле-жарып қарамайды, және олардың саны бес мың адамнан аспайды.


Горандықтар

Соңғы санаққа сәйкес, бүкіл Сербияда мұсылман сербтердің саны шамамен төрттен бір миллионға жуық адамды құрайды (250 мың). Алайда олардың құрамына Косово тұрғындары кірмейді. Жалпы мұсылман сербтердің саны барлық сербтердің 0,04% -нан аспайды деп есептелінеді.

 autoparus.by.
(Қазақшаға аударып, дайындаған: islam.kz)

0 пікір