Маршалл Ходжсон: "Батыс мадениеті Исламсыз өркендей алмас еді"
Маршалл Ходжсон: "Батыс мадениеті Исламсыз өркендей алмас еді"
3 ай бұрын 2539

Евроцентризмге соққы берген американдық тарихшы және исламтанушы Маршалл Ходжсон - мұсылман өркениетін дүниежүзілік тарихи процестің негізгі бөліктерінің бірі ретінде сипаттаған алғашқы батыс ғалымы болды. Сонымен қатар ол Батысты әлем картасын өзгерту ойындары үшін сынға алды, деп жазады Fikriyat.


Маршалл Ходжсон (1922-1968) - Квакер отбасында дүниеге келді. (Квакер – діни ұйым). Жоғарғы оқу орнындағы оқуын аяқтап, одан кейін Чикаго университетінде докторлық дәрежесін алғаннан соң, сол жақта қалып сабақ бере бастады және өмірінің соңына шейін сол қызметін жалғастырды. 

Ходжсонның көзі тірісінде жарық көрген алғашқы және жалғыз академиялық еңбегі - «Ассасиндер ордені: ертедегі низари исмаилиттердің ислам әлеміне қарсы күресі» атты кітап. (The order of Assassins; the struggle of the early Nizârî Ismâʻîlîs against the Islamic world). Ол бұл кітабында орта ғасыр мәдениеті тұрғысынан назари-исмаилиттік ағымның діни және саяси маңызын ашып көрсетуге тырысты.

Батыс әлемі Ислам өркениетіне несімен қарыздар? 

Сонымен қатар, Ходжсон «Ислам тарихы: туғаннан бүгінге дейінгі Ислам өркениеті» атты үш томдық іргелі еңбектің авторы. Онда Ислам дінінің пайда болған күнінен бастап 1960 жылдардың басына дейінгі оқиғалар баяндалған. Алайда, ғалым мерзімінен бұрын қайтыс болып, оның бұл жұмысы аяқсыз қалып қояды. Дегенмен, шәкірті Рубен В. Смит ұстазының жұмысын соңына дейін жеткізуге бел сыбана кірісіп, 4 жыл дегенде толық нұсқасын басып шығарады.

Ходжсон - Ислам өркениетінің заманауи өркениеттің қалыптасуында алатын маңызды рөлін ашық айтқан өз кезеңіндегі жалғыз тарихшы болды. Оның ойынша, Батыс өркениетінің дамуы Ислам әлемінсіз жүзеге аспас еді...

HODGSON, Marshall G. S. - TDV İslâm Ansiklopedisi
Маршалл Ходжсон / Фото: islamansiklopedisi.org.tr

«Исламдық ой атласы - бұл мәдени отаршылдыққа қарсы тұру». 

Ғалым адамзаттың қазіргі деңгейін Батыс пен еуропалық империализмнің көтерілуінің көрінісі деп бағалаған жоқ, оны әлемдік өркениеттің дамуы аясында болып жатқан құбылыс деп бағалады. Ол Батыстың дамуын өз-өзінен пайда болған деп қарамаған. Оның пайымынша, бүгінгі әлемдік өркениетті қазіргі жағдайға жетуіне жетелеген көптеген жолдар болды, ал, Ислам діні моральдық мұраның бүгіндерге жетіп, жоғалмай сақталып қалуында маңызды рөл атқарды деп тұжырымдайды ол.  

Книга История ислама Исламская цивилизация от рождения до наших ...
Источник: eksmo.ru

Ходжсон өркениеттің қазіргі деңгейін жаһандық үдеріс ретінде қарастырды. Оның айтуынша, Еуропаның, Азияның және Африканың урбанизацияланған қоғамында, қандай да бір радикалды серпіліс болуы керек еді. Және ол кез-келген аймақта болуы мүмкін тұғын. Ол Батыста болмаған болса, Қытайда ма, әлде Ислам әлемінде ме болуы тиіс еді. Егер Қытайды көшпенділер басып алмағанда, онда ол серпініс сол елде сол кездің өзінде бастап қойған өнеркәсіптік революцияны тәмәмдауы мүмкін еді. Тура сол сияқты, егер бұл серпінісі Ислам әлемінде жүзеге асқанда, онда қазіргі қоғамда эгалитаризм мен плюрализм басым болар еді.

(Эгалитаризм - [ франц. egali- tarisme, egalite - теңдік] - әлеуметтік тендік принципінің бір түрі. Осы қоғамның барлық мүшелері үшін теңдей саяси, экономикалық, әлеуметтік және азаматтық құқықтары бар қоғам құру идеясына негізделген, мүмкіндіктер теңдігі – идеалы іспетті. Элитаризмға қарамақайшы.  
Плюрализм, пікір алуандығы (ағылш. pluralism; лат. pluralis; множествепиый, многообразный) - Өздерінің мүдделері, көзқарастары мен пікірлерін білдіру еркіндігін заңмен қамтамасыз ететін, қоғамда түрліше саяси партиялар мен басқа қоғамдық ұйымдардың (кәсіподақ, діни, коммерциялық және т.б.) қатар өмір сүруі мен өзара әрекеттестіг. https://kk.wikipedia.orgі). 

Еуропалық өркениеттің дамуына исламның қосқан үлесі.

Ходжсонның пікірінше, өркениет тарихын - грек-рим өркениетінен бастап, Ренессансқа дейін, одан соң қазіргі мәдениетке көтерілу үдерісі деп қарастыру жалған болмақ. Дүниежүзілік тарих тұрғысынан, батыстық Еуропаның тарихы, Азия тарихынан гөрі маңызды емес.

Оқдәрі мылтығы, құбылнама (компас), ондық санау жүйесі және т.б. – бұлар, Батыс европаның сырттан экспорттаған инновациялардың кейбір мысалы ғана. Еуропа тарихын Ұлыбритания тарихына өндірістік революция бірінші рет басталғандықтан ғана шектеп қоюға болмайтыны сияқты, әлемдік тарихты да Батыс тарихымен шектеуге болмайды деп пайымдаған...

Дереккөз: Исламосфера
(Орыс тілінен аударылды).

0 пікір