Батыс кемеңгерлерінің Ислам және Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы пікірлері
Батыс кемеңгерлерінің Ислам және Мұхаммед (с.ғ.с.) туралы пікірлері
23 күн бұрын 3101

«Ұлылардың ұлылығы немен өлшенсін, бірақ хазіреті Мұхаммедтің ұлылығынан асқан ұлы пенде жоқ. Расында да, Мұхаммед – соңғы пайғамбар». (Француз жазушысы және саяси қайраткері Ламартин)

«Біздер, Еуропа халықтары, мәдениетіміз айрықша дамығанымен хазіреті Мұхаммедтің ұлылығының ең бірінші сатысында ғана тұрмыз. Оған ешқандай шүбә келтіруге болмайды. Және бұдан кейін де одан ешкімнің аса алуы мүмкін емес». (Неміс ақыны Гете)

«…Егер дүниеде халықты дін қағидаларымен соңынан ерте білген біреу болса, ол – Мұхаммед. Ол ешқашан өзін асыра бағаламады. Пайғамбар болу еш күмәнсіз оған тән еді. Қазір оның өмірі мен асыл мұратын түсінген кім болса да оның ұлылығына бас иері сөзсіз..»; «Ол (Мұхаммед пайғамбар) туралы жазылған әрбір мәтін менің бойымда оған деген ерекше тағзым мен таңданыс ұялатады». (Британ жазушысы, әйелдер құқы үшін күрескер А.Бесант)

«Егер қазіргі әлемді басқару құқы Мұхаммед секілді бір адамға берілетін болса, ол барлық мәселелерді майдан қыл суырғандай оп-оңай шешер еді және бұл шешімдер сондайлық тыныштық пен бақыт әкелер еді. Мен ертеңгі Еуропаның Мұхаммед дінін қабылдайтынын болжаймын, тіпті Еуропа оны қазірдің өзінде қабылдай бастады». (Британ жазушысы, драматург Б. Шоу)

«Әлемде өте ықпалды болған адамдардың тізімінің басына Мұхаммедті қоюым кейбіреулерді таңдандыруы мүмкін. Алайда тарихта, дүниелік әрі діни салада сөзсіз табысқа жеткен адам сол (Мұхаммед). Мұхаммедтің Исламға жасаған жеке ықпалы христиандыққа Иса Мәсіх пен Павелдің бірге жасаған ықпалынан әлдеқайда артық. Діни және дүниелік ықпал етудің тарихта теңдессіз түрде бірлесуі Мұхаммедтің тарихтың ең ықпалды тұлғасы болуына жеткілікті». (Американ ғалымы М. Харт)

«Мұхаммед өте қысқа өмірде сол кезге дейін географиялық ауқымдылығынан басқа ештеңесі жоқ өлкеде сондай бір ұлық дін құрды. Бұл дін өте кең аймақтарда христиандық пен иудаизмнен озумен қатар өте қысқа мерзімнің ішінде сол кездің мәдени аймақтарын қамтыған өте үлкен мемлекеттің негізін қалады». (Американ ғалымы П. Хитти)

«Мұхаммедтің мойнына алған міндеті мен миссиясы – тек Аллаға және ғайып әлеміне өте терең иманы болған адамның бойында кездесетін таңғажайып күш пен өмір үлгісі». (Родвелл)

«Мұса өзінің қауымына, Иса Мәсіх Рим әлеміне, ал Мұхаммед тұтастай бір құрлыққа Құдайдың бар екендігін паш етті». (Француз императоры Наполеон Бонапарт)

«Батыс дәл осындай ұлық дәрежеге жеткен басқа тұлғаны білмейді». (Британ фельдмаршалы Монтгомери)

«Құранның бұйрығына құлақ аспағанды қарғыс атсын!». (Орыс жазушысы Иван Бунин)

«Сендер бұл Кітаптан (Құраннан) қазіргі заманғы ғылымдарға қайшы келетін еш нәрсе де таба алмайсыңдар». (Швед королі Густав ІІІ)

«Еуропаның алдында бір-ақ таңдау тұр. Ол – аман қалудың бірден-бір жолы. Ол жол – Ислам». (Британ саясаткері Ричард Белл)

«Исламның аңыз-әпсаналар мен күдік-күмәнның ара-сында қалған басқа діндерден айырмашылығы – гүл тазалы-ғындай пәктікке көтеріліп, күш-қуат пен ақыл-ойдың символына айнала білуінде». (Ағылшын ғалымы Лорд Давенпорт)

«Ислам діні мейірімділікке, көркемдікке және бауырмалдыққа толы». (Ағылшын жазушысы Герберт Уэлсс)

«Үндістаннан Испанияға дейінгі ұланғайыр аймақта кереметтей Ислам өркениеті салтанат құрды». (Британ философы, математик Бертран Рассел)

«Мені Мұхаммед үмбетінен деп есептеулеріңізді өтінемін». (Орыс жазушысы Лев Толстой)

«Ғылыми жаңалықтың (екі теңіздің шекарасы жайында) 1400 жылдай бұрын түсірілген Құранда айтылғандығы туралы естігенімде қатты таң қалып, сөз жоқ, Құран – Алланың сөзі дедім. Сөйтіп, ақиқат дін – Ислам дінін қабыл алдым». (Француз теңіз зерттеушісі Жак Кусто)

Дереккөз: islam-orkenieti.kz/

0 пікір