«Зардаптар күнәнің салдарынан болады!...»: Күнәнің қатері жайында
«Зардаптар күнәнің салдарынан болады!...»: Күнәнің қатері жайында
4 күн бұрын 2383
Имам Ғазали (рахимаһуллаһ)

Өзі өлгенде күнәлары да онымен бірге өліп кеткен адамға нендей қуаныш! (Артынан жаман іс қалдырмай, ешкімге зардап шектірмей, күнәсі де тоқтаса жақсы, ал күнәсі тоқтамаса, артынан күнәсі барып тұрса, сол жаман).

Былай делінген: Күнәлардың ең ауыры – танымайтын, көрмеген біреулерге зұлымдық жасауы (мысалы, танымайтын, көрмейтін біреулердің артынан ғайбат айтып, оны өсектеп, қаралап жатамыз, бұл күнәлардың ең ауыры екен).

Кім Алла Тағалаға итағат етсе (бойсұнса, тыйғанынан тыйылып, бұйырғанын орындаса), Алла Тағала ол пендесіне барлық нәрсені бағындырып қояды. Ал кім Аллаға қарсы келсе (оның тыйғанын істеп жүрсе), оның өзін барлық нәрсеге бағынышты қылып, өзгелерді оған үстемдік құрғызып қояды.

Күнәдан тыйылмай істеп жүрудің тек дүниеде ғана зардабы болатын болса, бақытсыздық ретінде оған ол жетер еді. Күнәнің дүниедегі жазасы түрлі сипатта көрініс табады: молшылық немесе таршылық түрінде, сау немесе ауру түрінде. Ал, күнәдан ұзақ жүрудің сыйлығы - күнә үшін болатын залалдың қарама-қайшысының өзі ғана болатын болса, бақыттылық ретінде оның өзі жеткілікті болар еді (яғни, күнәнің ақыреттік зардабы емес, дүниелік зардабының өзі адам үшін жаза ретінде жетер еді, ал күнәдан ұзақ жүрудің пайдасы ақыретте болмай,  дүниеде ғана болғанда, оның өзі сыйлық ретінде жетер еді). Шынында, пенде істеген күнәсі себепті ырзық-несібеден қағылады. 

Негізінде, лағынетке ұшырау – беттің қараюы немесе мал-дүниесінің кемуі емес, асыл лағынет, пенденің бір күнәдан шықпай тұрып (бір күнәні қоймай тұрып), соған ұқсас, не, одан да жаман басқа күнәға баруы.

Тәубе жасауға – күнә жасаудан гөрі қауқарсыз болма (күнәні батыл түрде істегенің сияқты, тәубе жасауға да әлсіздік танытпа).

Заманның өзгеруі, саған деген бауырларының қарым-қатынасының өзгеруі, жарыңның саған деген мәмілесінің бұзылуы, бұлар – істеген күнәңның нәтижесі. Әріберіденсоң, мінген хайуаныңның мінезінің өзгеруі, тышқанның үйіңдегі заттарға зиян тигізуі, жаттаған Құраныңды ұмытуың немесе алған біліміңнің біразын ұмытуың, не болмаса, Құран оқуды қойып кетуің – істеген күнәңнің салдарынан басыңа келуде.

Жаза – қаттылық пен машаққатты қамтиды. Әркімнің жазасы - қаншалықты күнәға серіктік еткенімен өлшенеді. Түсінде ихтиләм болудың өзі хақ жолындағылар үшін бір жаза болып табылады.

Күнәнің жазасы кейде – тура сондай басқа бір күнәға түсу болуы мүмкін. Итағат та солай (итағаттың да сыйы – итағат жасауға шабыт берілу түрінен болуы мүмкін, ізгіліктің сыйы – басқа ізгілікті істеуге шабыт берілу түрінен болуы мүмкін). Күш те, қуат та, тек Ұлы Алланың жәрдемімен болмақ[1]. 


[1] Имам Ғазали: «Роузотут Толибин». «Әәфәәтуз зунуб».

0 пікір