Суыр жайлы мәліметтер
10 жыл бұрын 20060 aitaber.kz

Қызықты деректер: суретСуырдың інін қазыргі заманғы пәтерге теңеу керек. Біріншіден құрғақ, екіншіден жылы, үшіншіден дәретханасы бөлек. Ұзындығы 10 метрден асатын дәліз, үлкен бөлмеге ұласады. Ол жерде суырлар қыстайды. Жеке дараөзі емес, барлық әулетімен. Бөлме шөп қоймасымен жалғасады. Олар қыс бойы шөп жегендіктен емес, алты ай аязды ұйқымен өткізіп, ұйқыға кетер алдында төсеніш жасауға. Інінің екінші тесігі болады. Ол жыртқыш аң, адамдар бір жағын қазып, суырды іздеген кезінде екінші тесіктен қашып кетуге арналған. Суырдың інінде бір тесік барын аю неден біледі? Лебінен. Егер іннің екі аузы болса, ауаның кіріп жатқаны сезіледі. Метрода келген кеткен пойызбен бірге желдің лебі байқалмай ма, ұясы да сол сияқты. Ешқандай ауа қозғалысы болмаса іннің аузын иіскеген аю тез тауып алады. Суырдың іні 3 түрлі. Қыста ұйықтайтын бір бөлмесі, одан басқа төсенішке шөп жинайтын қоймасы мен дәретханасы жоқ жазғы ін қазады. Ыстықта көлеңкелеп жатады. Үлкен дәретке іннің сыртынан бір жерді таңдайды. Үшіншісі қашқан кезінде бас сауғалайтын жайдақ ін. Алдыңғы екі аяғы аяқтан гөрі қолға ұқсайды. Шошайып тұрып дәнді үгітіп, аузына салып жібереді. Аңшылар қашар жері қалмаған суырдың бетін басып, кәдімгідей жылағандарын көрген.

Еркегі көктемде ұрғашы суырды өзі қыстаған іннен емес, басқа тайпадан таңдайды. Суырлар өте сақ және ұйымшыл аң. Жайылып жүргенде, азық іздеген кезінде біреуі міндетті түрде қарауылға тұрады төбешікке шығып. Аспаннан бастап айналаны бір шолып өтеді. Қызықты деректер: суретБірден қауіп байқалса, ысқырып, айқайлап, ыңқиттап дабыл қағады. Барлық суыр жайылуды, азық іздегенді, қыздырынуды, дереу інге тығыла кетеді. Әрқайсысы дабыл белгісін қайталайды. Ұсталған жағдайды, басқалары шиқылдап жылап кетеді.
Қызықты деректер: сурет

Қысқа аяқтарымен, семіз денесімен алысқа жүгіре алмайтын болған соң, іннің қасынан айналшықтап шықпай жүреді. Көдері өте сақ. Қарауыл суыр іннен шыға сала айналадағы оба, тас, тобылғы, қараған, қазық, ербиіп тұрғанның бәрін белгілеп тістеп қояды. Айналасын бір түгендеп алады. Егер белгілеген нәрсесі лезде жоқ болып кетсе немесе жаңадан пайда бола қалса, аттанға салып айқайлап ысқырып кетеді. Көзі өткір, құлақтары 1 шақырым жерден естіп қояды.

2 пікір
  • суырды жеуге болама болмайма сонымен???
    10 жыл бұрын
    • Суыр кемірушілер отряды, тиінтәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі. Ескілікті ғалымдарымыз тиінді жеу харам деген. Суыр тиін тектес хайуан. Сондықтан оның да етін жеу харам деуге негіз бар. Шариғатымыз бізге таза нәрселерді жеуге бұйырады. Жаман жеркенішті, лас нәрселерден ұзақ жүруді бұйырады.
      10 жыл бұрын