Намаз уақыттарының пайдасы қандай?
Намаз уақыттарының пайдасы қандай?
9 жыл бұрын 10321 fondihlas.ru
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Медицина ғылымдарының докторы Б.С. Алякринскийдің  айтуынша, адам ағзасындағы 400-ден астам функциялар биологиялық сағатқа бағынады.  Тәулік ішінде 50 шағын және 5 үлкен  биоырғақ кезеңдерінің өзгерісі болады. Биоырғақ кезеңдерінің бес үлкен өзгерісі Күн жүйесі планетасының орналасу әсеріне байланысты. Ең қызықтысы - бес үлкен кезеңдердің ауысымы мұсылманның бес уақыт намазына сәйкес келеді екен. Биоырғақтың әрбір бес кезеңі  өзгерген кезде біріншіден биологиялық белсенді нүктелер ашылады, олар осы жағдайда 15 минут тұрады әрі шамамен екі сағаттан кейін біртіндеп жабыла бастайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.)-ның хадисіне сәйкес ең құнды намаз - уақытында оқылған намаз болып табылады. Егер белгілі себептермен дәл алғашқы кірген уақытында оқи алмаса, белгіленген қалған уақытында оқиды (шамамен 1,5-2 сағат), мұның барлығы да биологиялық белсенді нүктелердің жұмыс уақытымен тағыз байланысты.

Исламда намаз кезеңінде адам барлық дүниелік мәселелер мен істерден түбегейлі ажырап, шынайы ықылас пен ниетін тек Алла Тағалаға арнайды. Жан әлемін түрлі пәнилік мәселелер мен уайым-қайғыдан  сергітіп, Ұлы Жаратушыны еске алу, жоғарыдағы биологиялық белсенді нүктелердің ашылу кезеңімен тұспа-тұс келеді. Адамның жүйке жүйесіне,  психикасына және бүкіл адам ағзасына  өте тиімді ықпал жасайды.

Намаздың денсаулыққа пайдасы әлі толыққанды зерттелген жоқ. Бұл тақырып ондаған диссертациялық еңбектерге жүк болатын өзекті мәселе. Бірақ  намаздағы "Әттахияттың" (тіземен отыру)  қан айналымға әсер ету жайы қазірдің өзінде ғылымда белгілі мәселе.  Қазіргі уақытта Махачкаланың екінші қалалық ауруханасында, Дағыстан медицина академиясының кафедрасында  жамбас артерияларын қысу әдісі ғылыми жаңалық әдісі ретінде қолданылады. Бұдан ең алдымен жүрек пен миға, ішкі органдарға қосымша қан айналымы жеткізіледі. Қарапайым жағдайда қан капиллярлары тек 30% ашылады, ал артерияны қысқаннан соң шамамен екі есеге артады,  яғни, ішкі органдарда  қан ағыны екі есеге молаяды. Осындай  қанмен қамтамасыз ету әрекеті органдардың жұмысын жақсартады. Намаздағы "Әттахиятта" да  дәл осындай қалыпты процесс жүреді. Атап айтқанда,  намаз оқушылардың  ойлау процесін жетілдіріп,  эмоциялар кезіндегі ақылына бақылау қоятыны өз алдына үлкен мәселе. Сол себептен намаз оқушы  жасөспірімдер арасында есірткі,  ішімдік және өзге де жағымсыз әрекеттермен айналысушылар аз кездесіп, мұның төңірегіндегі күрделі мәселелер әлдеқайда сирек орын алады. "Менің зерттеуімді  Исламның сенімі  мен ұлылығын, кереметтерін анықтауға жасалған әрекет деп атауға болады. Мен уақыт өте келе болашақ ұрпақ пен бүкіл әлемдегі адамдарға  мұсылмандық  сенімнің қажеттілігін түсініп, барлық мұсылмандық әдептерді сақтап, оны құрметпен  мойындайды деп сенемін. Мұның барлығы да әлемдегі  адамдардың, сондай-ақ ғалымдардың адам өміріндегі  Исламның құтқарушылық рөлін мойындауы тиіс екенін көрсетеді. Намаздың адам ағзасына пайдасы мен тиімді әсерін кешенді  зерттеу- болашақтың ісі" (Б. С. Алякринский).

 

М.Г. Магомедов. Медицина ғылымдарының докторы, профессор:
Парыз және нәпіл намаздардың медициналық артықшылықтары

Намаз мұсылманға дәрет алған сәттен бастап, намаздағы барлық арнайы қимылдарды (тәкбір, қиям, рукуғ, сәжде, жәлса, тәслим) орындағанға дейін терапевтік және рухани игілікті ықпал етеді. Мұсылмандар күнделікті бес уақыт намазбен бірге  нәпіл намаздарды орындап, рамазан айында тарауих намазын оқиды. Осы намаздарды оқу барысында барша дененің бұлшықеттері қалыпты жаттығуға байланысты кейбір бұлшықеттер  изометриялық түрде (өзінің ұзындығын сақтай отырып), басқасы изотоникалық (шиеленісті сақтай отырып) түрде қысқарады.

Ғибадат кезінде бұлшықет метаболизмі үшін қажетті энергия көзі артады,  бұл бұлшықетті нәрлендіретін оттегі мен  қажетті заттарды белсенді тұтынуға жол ашады. Айтылмыш әрекет өз кезегінде қан тамырларының калибрін арттырып, жүрекке келетін қан ағынын жеңілдетеді. Уақытша өсетін жүктеме жүрек бұлшықетін нығайтып, іштегі қан айналымын жақсартады.

Намазды оқу кезінде  орындалатын шағын жаттығулар  намаз оқушының  жалпы жағдайы мен эмоционалдық жағдайын жақсартады. Ағзаның төзімділігі мен икемділігі артады. Күнделікті бес уақыт намаз адамға, қолайсыз оқиғаларды тудырмай, күн сайын үш шақырым жүгіру кезінде туындайтын тиімді физиологиялық әсер береді. Құлшылық денсаулықты жақсартып, ғұмырды ұзартады. Ғибадатты орындау нәтижесінде күнделікті қайталанатын қимыл-қозғалыстардан бұлшықет күші, сіңірлердің серпімділігі, байламы, ағзаның икемділігі мен жүрек-қан тамырларының резервтігі артады.

Аударған: М. Бақдәулетқызы 

0 пікір