Су. От. Тұз
Су. От. Тұз
9 жыл бұрын 6740

Бір жолы Айша (р.а.) анамыз:

–  Уа, Алланың елшісі, сұрағандарға қандай заттарды міндетті түрде беру керек? – деп сұрады.

Алла елшісі: – Су, оттық, тұз, – деп жауап қатты.

Айша анамыз: – Суды түсіндік, ал оттық пен тұзды берудің мәнісі не? – деп қайта сұрағанда, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп түсіндірді:

– Ей, Айша, кім оттық берсе, сол отпен пісірген нәрсенің барлығын садақа еткенмен бірдей;

Ал кім тұз берсе, сол тұзбен дәмі кірген астың барлығын садақа еткенмен бірдей;

Ал кім суынан беріп, біреудің шөлін басса, жетпіс жанды тұтқыннан босатқанмен бірдей;

Ал кім су тапшы бола тұра, суынан беріп, біреудің шөлін басса, өлген жанды тірілткенмен бірдей;

Ал кім бір адамды құтқарса, жалпы адамдарды құтқарғанмен бірдей.

1 пікір