Адам терісінің біз біле бермейтін қасиеттері мен қызметтері
Адам терісінің біз біле бермейтін қасиеттері мен қызметтері
9 жыл бұрын 17092
Саида Ибрагимова

Біздің сыртқы теріміздің жалпы ауданы 1,65 кв.м құрайтынын, салмағы 9,5 кг болатынын біліп пе едіңіз? Бұл жағынан алғанда адамның көлемді әрі ауыр мүшесі осы тері болмақ. Дегенмен де, терінің біз білмейтін қасиеттері әлі де жетерлік. Алла Тағала берген нығметі деп білетін терімізге тереңірек үңіліп көрейікші.

 

Тері құрылымы

Терінің қалыңдығы алақаннан және табаннан 8 мм кейін өзгере бастайды. Адамның қасына 1 мм қалғанша бұл өзгеріс жалғасады. Адамның терісі негізгі үш қабаттан тұрады: эпидермис (сыртқы тері), дерма (эпидермистің астында орналасқан ауа сорғыш тіндер) и гиподерма (ішкі тері). Бұлардың әрқайсысы күрделі ішкі құрылымдардан тұрады. Барлық қабат белсенді жұмыс жасауы керек. Олардың жұмысында ақау болмауы тиіс. Ондайда адамның да денсаулығына әсер етеді. Эпидермис пен дерма қабаттарының өзіндік жеке әрі ортақ атқаратын қызметтері бар. Барлығы адамның денсаулығының қауіпсіздіг үшін жұмыс жасайды.  

 

Атқаратын қызметтері

Терінің адамның бір ағзасы екендігін көбісі біле бермейді. Тері адам денесін жауып қана қоймай, сонымен қатар:

- суды сақтап тұрады

- адамның тұрақты температурасын қамтамасыз етеді

- қоршаған ортамен байланыс жасайды

- зиянды микробтармен күрес жүргізеді

- майды сақтайды

- D дәруменін сақтайды

- соққыларға қарсы механикалық қорғаушы

- зат алмасу кезінде көмекші

- жоғары температура кезінде, ультракүлгін сәулелердің әсерінен қорғайды.

Байқағанымыздай терінің негізгі қызметі адам ағзасын қоршаған ортаның зиянды факторларынан сақтандыру болып табылады. Біздің ішкі дүниеміз бен сыртқы әлемнің арасында қорғаныс орнату негізгі мақсаты екендігі сөзсіз. Бұл ағзамызға зиянды микроағзалар мен химиялық заттардың әсеріне кедергі келтіретін эпителий жасушаларының арқасында мүмкін болып отыр.

 

Үнемі жаңарып отырады

Біз айтып өткен артықшылықтар ұзаққа бара қоймайды, егер де тері жаңарып отыратын қасиетке ие болмаса. Регенерацияның бұл ғажайып үрдісі жасушалардың үздіксіз бөлінуіне тәуелді алмасу операциясы арқылы жүзеге асады. Жасушалар сыртқы теріге апаратын бағытпен жүрген сайын өзінің жұмсақтығын жоғалтады. Осылайша олар жолда өлі жасушаға айналып, қатты күйге енеді. Өлі жасушалар эпидермистің жоғарғы қабатын тұрақты түрде қалыңдатып отырады. Олардың орны жаңа жасушалармен алмастырылып отырады. Аталған жасушалар өте терең қабаттарда пайда болады. Бұл үрдісті әдетте «жасушалардың жаңаруы» деп атайды.  

Мына қызықты қараңыз, тіпті өлі жасушаның өзі біздің ағзамызға керек екен. Ол эпидермистің жоғарғы қабатын құрайды. Бұл жасушаларды қорғаныштық қызмет атқаруы үшін жаратқан біздің Раббымыз. Олай болмағанда тірі жасушалар керекті қорғаныштық қабатын құра алмайтын еді. Тері тіндерін келетін зиянды заттар мен ағазалардан қорғай алмас еді.

Эпидермистің тірі жасушалары күрделі үрдістің салдарынан өледі, былайша айтқанда адамдардың қауіпсіздігі үшін өз еркімен өлі күйге айналады деген дұрыс шығар. Бұл – Алла Тағаланың мейірімі мен қамқорлығы.

 

Дене температурасын ұстап тұрады

Температураны реттеп отыру терінің негізгі қызметтерінің бірі. Егер де температура реттелмесе, денеміздегі судың бәрі өміріміздің соңына дейін қайнап, жоқ болар еді. Ағзамыздың көп су жоғалтпауы маңызды нәрсе. Капилляр қантамырларын кеңейту арқылы шектелген диапазонда салқындатып немесе жылытып отыру мүмкіндігі қарастырылған. Бұдан біз қатты ысыған кезде ағзаның көп су жоғалтып алуынан сақтайтын тері екеніне анық көз жеткіземіз.

Тері май жасушалары қатты ысып кетеді, одан дене қызады, ал тері қантамырлары жоғарыға жылы қан тасумен айналысады. Ол онда суиды да, температураны ретке келтіреді. Бұл дегенің ғажап емес пе?

 

Куәгер

Адам терісі қоршаған ортамен байланыс жасайды. Ол қоршаған ортадан ақпарат жинайды әрі өзінде сақтайды. Бұл да үлкен көлемдегі рецепторлар (мысалы, жылы мен суықты анықтауға арналған секілді) арқылы жүзеге асады. Терінің жүйке жасушалары – ішкі әлеммен бірінші байланыс орнатушы. Бала туылған сәттен бастап физикалық әлемді сезіну арқылы таниды.

Қиямет күнінде теріміз бізге куәгер болады екен. Олар біздің дүниеде істеген істеріміздің барлығын бүге-шүгесіне баяндап береді. Құран Кәрімде былай делінеді: 

Олар (Алланың дұшпандары) терілеріне: “Не үшін бізге куә болдыңдар?” - дейді. (Терілері): “Бізді әр нәрсені сөйлеткен Алла сөйлетті; сендерді алғаш рет жаратқан және Сол жаққа қайтарыласыңдар”, - деп жауап береді. Сендер өздеріңе құлақтарың, көздерің және терілерің айғақ болады деп жасырынбаушы едіңдер. Тіпті Алла, істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер («Фуссилат» сүресі, 21-21 – аяттар).

Басқа ағазалар секілді терілерге де сөйлеу мүмкіндігі беріледі. Олар адамдарға жақтасып немесе айыбын ашып береді. Біздің байланысымыздың барлығын тері өзіне тіркеп, сақтап қоятындығын Құран Кәрім ашық баяндап тұр.

 

Жараның жазылуы

Келесі бір біздің теріміздің атқаратын қызметі таңдай қақтырады. Пайда болған жараны жазатын қасиеті бар. Адамның терісі өз-өзін емдей алатын артықшылыққа ие.

Тері жарасы төменнен жоғарыға қарай және сырттан ішке қарай жазылады. Бірінші кезеңде терінің жалғаушы тіні зақымдалған аймаққа өтеді. Жараның тереңдігі қандай болса, жазылуы да солай тез болмақ. Қалпына келтіру үрдісі жара пайда болғаннан кейін-ақ өз жұмысын бастап кетеді. Жара жазылғаннан кейін шеті жинала бастайды. Бұл көріністің ең қызықты жері жараның жазылуының соңғы жағында болады. Бұл жазылудың қашан және қалай аяқталатынын барлық жасушалар білсе дейсің. Бірақ, олар жұмысын кенеттен тоқтатып, теріні қалпына келтіру жұмыстарын қай кезде тәмамдағанын аңғармай қаласың.

Міне, терінің кереметі осындай! Микробтар мен соққылардан қорғайды, жаңарып отырады, жылуалмасуымызды реттейді және қоршаған ортаны тануға көмектеседі. Аса Құдіретті, ерекше мейірімді Раббымыздың бізге берген ұлы нығметтерінің бірі – осы тері. Ол біздің мұқтаждықтарымыздың барлығын біледі, ағзамызда орын алатын үрдістерден хабары бар. Өзінің мейірімімен Алла Тағала бізге ағзалар мен жасушалар жаратып, ішкі күрделі үрдістерді іске қосып, адам ағзасына жағымды реттілік беріп қойған.      

Бұл мақаланы жазу барысында ғылыми мақсатты көздемедік. Бар болғаны Алланың мейірімімен бізге теріміздің қызмет жасап жатқанын білдіру. Қанша шүкіршілік етсек те жарасады..! 
1 пікір
  • Кішкентай кезімде жараларым жазылып кеткенде қатты таңқалатынмын. Неге осы кейде дәрі жақпасада жазылады, деген сұрақтар болатын.
    Сосын бала кезімде маған неге екенін аяқтарым мен қолдарым сөйлей алатын сияқты болатын. Бірақ осы сұрақтарды біреуге қоюға жүрексінетінмін, бәрібір маған ешкім сенбейтін сияқты болатын.
    8 жыл бұрын