Әр мұсылман сақтануы тиіс 17 үлкен күнә
Әр мұсылман сақтануы тиіс 17 үлкен күнә
10 жыл бұрын 14100
Хадиша Ермекқызы

Адам баласы Аллаға иман еткеннен кейін, Жәннаттан, Раббысының разылығынан үмітті болса, үлкен күнәлардан бойын аулақ ұстағаны жөн. Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) "Шура" сүресінің 37-аятындағы: "Олар үлкен күнәлардан және бос, мәнсіз істерден бойларын аулақ ұстайды, ашуланған кезінде өкпелерін іштеріне сақтайды, қасындағы адамның кемшіліктерін кешіреді" және "Нәжім" сүресінің 32-аятында айтылған: "Олар, жақсы адамдар, кіші кемшілік пен күнәлар болмаса да, үлкен күнәлардан, пайдасыз нәрселерден сақтанады. Сенің Раббыңның кешірімі ұлан-ғайыр", -  деген аяттардағы үлкен күнәлардың мыналар екенін айтады:

  • Аллаға серік қосу;
  • Алланың рақымынан үміт үзу;
  • Алла тағаланың азабына ұшырамайтынына сенімді болу;
  • Ата-анаға қарсы шығу, туысқандармен байланысын үзу;
  • Жазықсыз жанды және мұсылманды өлтіру;
  • Ар-намысы таза, абыройлы, тұрмыстағы әйелге зина жаласын жабу;
  • Жетімнің малына қол сұғу;
  • Соғыс майданынан қашу;
  • Пайыз алу;
  • Дуа, сиқыр жасау және жасату;
  • Зина жасау;
  • Өтірік ант-су ішу және жалған куә болу;
  • Соғыс кезінде мемлекетке түскен олжа мен мемлекет қазынасын жымқыру;
  • Зекеттің жиналуына кедергі келтіру және зекет бермеу;
  • Арақ ішу;
  • Біле тұра намаз оқымау;
  • Сөзінде тұрмау.
0 пікір