Неліктен қазіргі балалардың тілі кеш шығады?
Неліктен қазіргі балалардың тілі кеш шығады?
2 ай бұрын 4016

Мейрамбекова Айсара:

Қазіргі зерттеулер кейбір балалардың алдыңғы ұрпақтармен салыстырғанда әлдеқайда кеш сөйлей бастағанын көрсетеді. Бұл мәселе ата-аналарды, тәрбиешілерді және балаларды дамыту саласындағы мамандарды алаңдатады. Балалардағы сөйлеудің кешігуіне әсер етуі мүмкін бірнеше факторларды қарастырайық. 

1. Гаджетті шамадан тыс пайдалану. Бүгінде балалар смартфондардың алдында көп уақыт өткізеді. Бұл тілді дамытудың негізгі аспектілері болып табылатын қарым-қатынас пен ойынға кететін уақытты азайтып, даму деңгейін шегейді.

2. Құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы. Бұрындары көше-алаңда ойнап, күліп жүретін бүлдіршіндерді жиі байқайтын едік. Алайда, қазіргі қоғам жағдайында балалар басқа балалармен үнемі байланыста болмайды, тіпті доп теуіп ойнамайды да. Құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру сөйлеуде маңызды рөл атқарады.

3. Ата-анамен қарым-қатынастың жеткіліксіздігі. Ата-аналардың жұмыспен босамауы және қазіргі өмір салты балаларға көңіл бөлуге келмейтін сәттер болады. Бұл олардың тілдік қабілеттерінің дамуына әсер етуі мүмкін.

Осы мәселені шешу үшін бірнеше жол бар:

1. Экран алдындағы уақытты шектеу. Ата-аналар мен тәрбиешілер балалардың гаджет экрандарының алдында өткізетін уақытына шектеу қоюға тиіс. Оның орнына таза ауада серуендеп, өзімен қатарлас балалармен ойнап, тіл жаттығуларын орындағаны жөн.

2. Ойын сеанстарын ұйымдастыру. Мұғалімдер сабақ бағдарламасына балалар арасындағы қарым-қатынасты ынталандыратын және сөйлеу дағдыларын дамытатын ойын-сауықтарын белсенді түрде қоса алады.

3. Ата-ананың тілді дамытуға үлес қосуы. Ата-аналар балалармен сөйлесуге, ойнауға, оларға кітап оқуға, әңгімелер айтуға және тілге деген қызығушылықты оятуға белсенді қатысуы керек.

Қазіргі ұрпақтың тілді дамытудағы қиындықтарына қарамастан, ата-ананың, мұғалімдердің және жалпы қоғамның белсенді күш-жігері осы проблемаларды жеңуге және жаңа ұрпақтың сөйлеуінің толыққанды дамуын қамтамасыз етуге көмектеседі.1

Мөлдір Кәдірбекова, балалар психологы:

- Бала кеш сөйлейді. Ашуланшақ болады. Психоэмоционалды эмоциясы тұрақсыз болады. Біресе күледі, біресе жылайды, біресе сенімен ұрысуға дайын тұрады. Естіп тұрған сияқты болады, былай ана әлемде жүргеннен кейін көптеген бейнежазбалар, ютуб, тиктокта зиянды ақпараттар көп, бала оны кішкентай кезінде қорытып үлгермей, қалай бар, солай қабылдайды. Медицинада мұны – цифрлы аутизм дейді. Түсінікті тілмен тарқатсақ, бала қоршаған ортамен байланысқа түсуден қалады. Гаджетке тәуелділік пайда болады. Сыртынан қарасаң сау адам секілді. Бірақ мәселе баланың санасында. Әлгі айтқан, тілі кеш шығып, тұлғалық дамуы тежелген көп баланың дерті осы аутизм. Одан қалды артық салмақ, бұлшық еттің дамымауы, омыртқаның қисаюы секілді сырқаттар байқала бастайды. Аутизм қазір ата-анамен қатар, мұғалімдердің де ортақ мәселесіне айналды.

Ғазиза Төребеккызы, мұғалім:

- Бала сабаққа келгеннің өзінде телефон алып келеді. Телефонға алаңдап отырады. Балаңның кішкене дамуына әсерін беріп жатыр көп гаджеттер. Қазір көп бала сөйлемейді. Тек телефонда отырады. Жыл басында "Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми практикалық орталығы" 1-3 жас аралығында 1052 сәби виртуалды әлемде өмір сүретінін жария етті. Осы кезеңде мектеп жасына дейінгі 4331 баланың психологиясында ауытқу бар екені анықталды. Сондай-ақ, орталық 6 мен 18 жасқа дейінгі 6704 қазақстандықтың цифрлы аутизмнің шырмауында отырғанын жеткізген2.


1) bilim-all kz
2) zhasalash kz

 

0 пікір