Құран қытай тіліне қалай аударылды?
Құран қытай тіліне қалай аударылды?
2 жыл бұрын 1458 islamosfera.ru/
Дайындаған Алмат Бөрібек

Қасиетті Құранның қытай тіліндегі толық аудармасы тек ХХ ғасырда пайда болды. Құран қытай тілінде түрліше аталды: «Көктен түскен жазу», «Ақиқи жазу», «Ақиқат сөзі». XIX ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезінде «Ақиқи жазудың қастерлі мандаты» деген атау кеңінен қолданылды.

Тұтастай алғанда Құранның қытай тіліне аударылу тарихында үш тематикалық стратегия болды: үзінділері, ішінара тәржімесі және толық аудармасы. Алғашында, дәлірегі, 1368–1644 жылдар аралығындағы Мин династиясының тұсында тиіп-қашып, үзіп-жұлып аударылған, соның ішінде сапарға шығуға, жергілікті әйелдермен отбасын құруға қатысты аяттар аударылған еді. Бұл жайт мұсылмандардың қытай қоғамында ассимиляцияға ұшырау процесін тездетті. Көбінесе ғалымдар аяттарды өздерінің ғылыми еңбектерінде тұжырым ретінде келтіріп отырды. Ал ішінара аударма XIX ғасырдың соңына таман және ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болды. Бұл аудармалар Құранды танып-білуге көмектесетін оқулық құралы ретінде қызмет етті. Мұндай аудармалар “хатым әл-Кұр’ан” деп аталды. Яғни, кеңейтілген қытай аудармасы, транслитерация және бірнеше үзінділер немесе сүрелердің түсіндірмесі деп сипаттауға болады.

Араб сөздерінің транслитерациясы қытай иероглифтерінің көмегімен жүзеге асырылды. Әдетте, ішінара аудармалар үзік-үзік аудармаларға қарағанда ұзағырақ болды және олар қатарынан кейінгі аяттарды немесе Құран сүрелерін толығымен қамтыды. Сондай-ақ, олардың үзінді аудармалардан айырмашылығы авторлардың сөздерін растау үшін емес, Құран аяттарының күрделілігін түсіндіру мақсатында қолданылған.

Ерте кездегі Құранның қытай тіліндегі аудармасы «Келанжин» деп аталды. Оны Ли Тежен есімді мұсылман емес қытай ғалымы тәржімелеген болатын. Бұл аударма 1927 жылы Бейжінде кітап болып басылып шықты. Ли Тежен Құранды араб тілінен тікелей аударған жоқ, ағылшын нұсқасынан тәржімеледі. Бірнеше жылдан соң, дәлірегі, 1931 жылы Ши Шуми есімді тағы бір мұсылмман емес қытай аудармашысы да араб тілінен емес ағылшын тілінен аударды. Алайда, жергілікті мұсылмандар бұл екі аудармаға жүгінген емес, өйткені, түпнұсқасынан алыстап кеткенін алға тартатын.

File:Chinese quran.jpg - Wikimedia Commons

Қасиетті Құранды қытай тіліне 1932 жылы алғаш рет Жақып Уан Шинжай (1879–1949) есімді мұсылман адам аударды. Жақып Уан Шинжай әлемге әйгілі, Мысырдағы Азһар университетін тәмамдаған дін маманы. Оның аудармасы 1943 және 1946 жылдары редакцияланып, қате, жаңсақ аударылған жерлері түзетілді. Бұл кітап «Гуланжин иже» деп аталды әрі бірнеше мәрте (1964, 1985, 1987, 2006 жылдары) басылып шықты. Құранның осы аудармасы бүгінде Қытайда танымал әрі кеңінен қолданылады.

Бұдан бөлек, Тағы бір назар аударарлық нұсқа – Лин Сонның (1930 ж. т.) «Гуланжин Иуни» деп аталтын рифмалық аудармасы. Бұл аудармады автор Құранның ырғағын сақтауға тырысқан.

Құранның қытай тіліндегі бүгінгі таңдағы ең танымал аудармасы ретінде «Гуладжин» деп аталатын әйгілі қытайлық арабтанушы Мұхаммед Ма Жианның (1906–1978) еңбегін атауға болады. Ол да әл-Азһар түлегі. 1931-1939 жылдар аралығында мемлекет қаржысымен осынау оқу ордасында білім алған. Мысырда жүріп, Конфуцидің еңбектерін араб тіліне аударып, қытай-араб сөздігін жасады. Оның Құранның қытай тіліндегі нұсқасының ішінара аудармалары 1949-1951 жылдар аралығында басылып шықты. Тек 1981 жылы ғана Ма Жиан қайтыс болған соң толық басылымы жарияланды. 1987 жылы Саудиядағы корол Фахда атындағы қасиетті Құранды басып шығару кешені осы аударманы ғана сапалы деп тапты.

Бүгінде Құранның қытай тілінде толық он төрт аудармасы бар. Соңғы отыз жыл ішінде Құранның ұйғыр (1986 және 2012) және қазақ (1989) тілдеріндегі екі аудармасы да пайда болды.

Tajweed Quran with Meanings and Translation in Chinese

0 пікір