«Иғтикаф» және иғтиқафтың үкімдері
«Иғтикаф» және иғтиқафтың үкімдері
18 күн бұрын 2333

Иғтикафтың тілдік мағынасы – бір нәрседен айырылмау, мейлі жақсылық мейлі жамандық болсын бір нәрсені тұрақты түрде істеу дегенді білдіреді. Ал шариғатта – оразаға немесе басқа бір нәрсеге ниет етіп құлшылық мақсатында мешітте оңашаланып қалуды білдіретін ұғым, шариғаттағы екінші мағынасы – жамағатпен бес уақыт намаз оқылатын мешітте құлшылық ниетімен қалу дегенді білдіреді.

Ықыласпен орындалған жағдайда ол амалдардың ең абзалдарынан болып саналады. Ата ибн Рабах былай дейді: «Иғтикафқа бекінген адам құзыретті адамға ісі түсіп, «менің бұйымтайымды орындамайынша бұл жерден кетпеймін» деп оның босағасынан айырылмауға тас бекінген кісі секілді. Иғтикафқа бекінген адам Аллаһтың үйінде отырып «Уа, Аллаһ тағалам! Күнәларымнан тегіс тазартпайынша бұл жерден кетпеймін» дегендей жағдайда болады. 

Иғтикафтың үкімі

Иғтикафтың үш түрі бар: Уәжіп, муәккәд сүннет және мұстахап.

  • Уәжіп иғтикаф: Сөз беріп атау ретінде жасалған иғтикаф. Мысалы, «Аллаһ тағаланың разылығы үшін бір немесе одан да көп күн иғтикаф жасау мойныма борыш болсын» деу арқылы мойнына міндет болған иғтикаф. 
  • Муәккәд сүннәт: Рамазанның соңғы он күнінде иғтикафқа бекіну муәккәд сүннет болып табылады. Айша анамыздың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мәдинаға қоныстанғаннан бастап, Жаратқанға қауышқанға дейін (жыл сайын) рамазан айының соңғы он күнінде иғтикафқа кіретін. Имам Зухри де Пайғамбарымыздың көз жұмғанға дейін иғтикафты тастамағанын айтады. Сонымен қатар оразаның соңғы он күнін иғтикафта өткізген адам, қадір түнін де құлшылықпен өткізген болады. Себебі қадір түні соңғы он түнінің бірінде. Ол жайлы Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): تَحَرَوْا لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِي الْوِتْرِ مِنْ الْعَشْرِ الَْوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ - «Соңғы он күннің тақ сандарында қадір түнін іздеңдер»,– деген.
  • Мұстахап:Уәжіпжәне бекітілгенсүннетиғтикафтан басқа, кез келген уақытта жасалатын иғтикаф. 

Иғтикафтың мерзімі

Нәпіл иғтикафтың мерзімі нақты бекітілмеген. Имам Әбу Юсуфтың ойынша, бір тәулік жартысынан көбі иғтикаф үшін жеткілікті. Имам Мұхаммед иғтикаф үшін бір сағат мөлшерінің жеткілікті екенін айтады. Өйткені нәпіл құлшылықтарда негізгі ұстаным кеңдік. Сонымен қатар, аз уақыт болса да, тіпті мешітте отырып ниет етсе, бұл ниет иғтикафқа саналады. Нәпіл иғтикафты бастап қойып бұзған жағдайда қазасын өтеу қажет емес. 

Уәжіп (аталған) иғтикаф кем дегенде бір тәулік болуы тиіс. Себебі бір күндік ораза болмағаны секілді иғтикаф та бір күннен аз уақытта жасалмайды. Бұл мәселеде көпшілік ғалымдар бір көзқараста. Пәленбай күн боламын деп серт беру арқылы өзіне иғтикафты уәжіп еткен адам сол күндердің күндізімен қатар түндерін де мешітте өткізуі қажет. Өйткені бір күн деген кезде 24 сағаттық мерзім меңзеледі. Алайда ниетінде түнді қоспаған болса, тек күндіз ғана иғтикаф жасайды.

Иғтикаф жасалатын мекен

Иғтикаф – аузы берік күйде иғтикафқа ниет етіп жамағатпен намаз оқылатын мешітте бекіну керек. Иғтикафқа жамағатпен намаз оқылатын мешіттерде оңашалану қажет екендігіне:ِ

وَ لَا تُبَاشِرُوهُنّ وَ أَنْتُمْ عَاكِفُونَ فِي الْمَسَاجِد

«Мешіттерде құлшылық үшін оңашаланған кезде (әйелдеріңмен жақындаспаңдар)», – деген аят дәлел. («Бақара» сүресі, 187-аят.)

Хұзайфа (р.а.): 

كُلّ مَسْجِدٍ لَهُ إِمَامٌ وَ مُؤَذِّنٌ فَاالِْعْتِكَافُ فِيهِ يَصِحّ

«Пайғамбарымыз: «Имамы мен азаншысы бар мешітте иғтикафқа кіруге болады» дегенін естідім», – дейді. Сонымен қатар Хұзайфа (р.а.): «Иғтикафқа тек жамағатпен намаз оқылатын мешітте кіруге болады, өйткені иғтикафқа бекінген кісі намазды күтеді», – деген.

Демек, иғтикафқа кіру үшін жамағатпен намаз оқылатын мешіт таңдалуы шарт. Мешіт қаншалықты үлкен болса, ол жерде өткізілген иғтикафтың да сауабы көп болмақ.

Әйелдердің иғтикафы

Әйел адам үйінде намаз оқу үшін арнайы дайындаған жерде иғтикафты жасай алады. Ондай әйелге, мешітте иғтикафқа бекінген еркек үшін бекітілген шарттарды орындау қажет. Әйел адамның, иғтикаф жасалып жатқан ер кісілердің мешітіне кіруі – тәнзиһан мәкрүһ. 

Иғтикафтың шарттары

  • Мұсылман болу. Мұсылман емес кісі иғтикаф жасай алмайды. Өйткені иғтикаф иманға байланысты.
  • Ақылды немесе тәмииз1137 шағында болу;
  • Мешітте болу. Алайда ханафи мәзһабында әйелдер үйінде намаз оқу үшін дайындалған жерде өтей алады.
  • Ниет ету. Иғтикафтың өзі арнайы құлшылық болғандықтан ниет ету – шарт.
  • Ауыздың берік болуы. Нәзір (аталған) иғтикафқа кіру үшін ауыздың берік болуы шарт. Өйткені Пайғамбарымыз иғтикафқа міндетті түрде аузы берік күйінде кірген. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):ٍ - الَ اِعْتِكَافَ إِلاّ بِصَوْم«Оразасыз иғтикаф жарамсыз»138, –деген2.Нәпіл иғтикаф үшін ораза шарт емес.Аллаһ елшісі(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)былай деді:«иғтикаф жасаушыға ораза тұту міндет емес, тек олөзіне міндеттегенде ғана ораза тұту міндет болады».
  • Әйелдің ерінен рұқсат алуы. Егер күйеуі рұқсатбермесе иғтикаф жасай алмайды.

Иғтикафты бұзатын мән-жайлар

1. Иғтикафқа кірген адам негізгі қажеттілік (зәруқажеттілікке кіші және үлкен дәрет пен ғұсыл алу жатады) пен мешіттің құлауы, өзіне немесе дүние-мүлкінеқауіп төну секілді зәрулік тумайынша иғтикафқабекінген жерден сыртқа шықса, иғтикаф бұзылады.Айша анамыздың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)зәру қажеттіліктің тысында сыртқашықпаған. Имам Мұхаммед пен Әбу Юсуфтыңпәтуасына орай, егер сыртқа шығу мерзімі бір күнніңжартысынан аз болса, иғтикаф бұзылмайды.

2. Әйелімен жыныстық қатынас жасау иғтикафтыбұзады. Құранда:

ِوَلا تُبَاشِرُوهُنّ وَ أَنْتُمْ عَاكِفُونَ فِي الْمَسَاجِد

«Мешіттерде құлшылық үшін оңашаланған кезде әйелдеріңмен жақындаспаңдар»3, – деп бұған тыйым салынған. Ұмытып ыныстық қатынас жасаса да, бәрібір иғтикафты бұзады. Мәни шықса да, шықпасада, жыныстық қатынаспен қатар оған жол ашатынәрекеттерді жасау (құшақтау, сүю) арқылы мәни ақса,иғтикаф бұзылады. Қарап, ойлау нәтижесінде мәнишықса немесе ихтилам (түс көру арқылы жүніп болу)болса, иғтикаф бұзылмайды.

3. Иғтикаф кезінде бірнеше күн есінен талып немесе алжасып қалса, иғтикафы бұзылады. Жағдайытүзелгеннен кейін иғтикафын қайта басынан бастайды.

Тағы бір ескерте кететін жайт, жұма намазы негізгіқажеттілік. Жұма намазына бармау күнә. Жұма намазын оқыған мешітте біраз уақыт аялдауға да рұқсат.Алайда иғтикаф жасап жатқан жеріне ертерек қайтқаныдұрыс. Өйткені иғтикафты бастаған жерде аяқтау керек. Ал зәру жағдайда ауысу қажеттілігі туса, мысалы,иғтикаф жасап жатқан мешіті ескіріп құлағалы тұрсанемесе ол жерден күштеп шығарылса, басқа мешіткебарып аяқтауына рұқсат.

Иғтикафқа кірген адам мешітте ішіп-жейді, қажетнәрсесін сатып ала алады. Мешітке қажетті заттарын алып келе алады.Бастап қойған уәжіп иғтикафты бұзған жағдайдақазасын өтеу қажет. Ал нәпілде қаза қажет емес.Иғтикаф жасап жатқан адам азан оқу үшін мешіттіңсыртына мұнараға шыға алады. 

Н. Анарбаев, Е. Қарақұлов: "Ораза - теңдесіз құлшылық!".


1  Ер мен әйелді ажырата білетін немесе саудада пайда мензиянды ажырата білетін жас
2  Әбу Дәуіт; Хадис Дарақұтни мен Байһақида Айша анамызданриуаят етілген. Бірақ хадис әлсіз (Зүһайли
3  «Бақара» сүресі, 187-аят.

0 пікір