Ғұсылдың сүннеттері (12 нәрсе):
-
«Бисмилләны» айтумен бастау.
-
Ниет ету (іштей ғұсыл алуға ниет ету). Ниет еткен жағдайда ғұсыл алу ісі құлшылық сипатын алып, сауап жазылады.
-
Екі қолды билекке (білезікке) дейін жуу.
-
Денеде нәжіс болса, оны жуып тазарту.
-
Әурет жерді жуу. (Әурет жерінде нәжіс болмаса да жуу сүннет).
-
Намазға дәрет алғандай дәрет алу:
-
Дәрет ағзаларын үш реттен жуу.
-
Басқа мәсіх тарту.
-
Ескерту: Егер су жиналып қалатын орында (мысалы, тастайтын тесігі жоқ ыдыста) тұрса, аяқты жууды ғұсылдың соңына қалдырады.
-
-
Бүкіл денеге үш рет су құю (Егер ағын суға немесе соның үкіміндегі мол суға сүңгіп, ішінде біршама сәт бөгелсе, сүннет толық орындалған болып саналады).
-
Су құюды бастан бастау. (Пайғамбарымыз (с.а.у.) солай істеген).
-
Одан соң, оң иықты жуу (оң жақтан бастаған сүннет).
-
Одан кейін сол иықты жуу.
-
Одан кейін денесін ысқылау.
-
Ғұсыл амалдарын үзбей, араларын суытпай ретімен орындау (муалат)1.
1Имам Шүрунбүләли: «Мәроқиль Фәләх». Ғұсылдың сүннеттері.