Құп­тан на­ма­зы
Құп­тан на­ма­зы
10 жыл бұрын 22325
Қайрат Жолдыбайұлы

Құп­тан на­ма­зы­ның уақы­ты–қы­зыл ша­пақ­тың жо­ғал­ған сә­ті­нен екін­ші таң­ның атуына дейін­гі мез­гіл. Екін­ші таң ат­қан сәт­те құп­тан­ның уақы­ты шы­ға­ды. Бұ­ған ибн Омар­дың (р.а.) біз­ге жет­кіз­ген мы­на ха­ди­сі дә­лел: «Ша­пақ – қы­за­мық. Ша­пақ жо­ғал­ған сәт­те, на­маз оқу па­рыз»131.

Құп­тан на­ма­зын түн­нің үш­тен бі­рі­не дейін ке­шік­ті­ру – мұс­та­хап. Түн­нің ор­та­сы­на дейін ке­шік­ті­ру – мү­баһ, се­беп­сіз екін­ші таң­ға дейін ке­шік­ті­ру – мәк­рүһ. Өйтке­ні, бұл уа­қыт­та адам на­маз оқып үл­гер­меуі ық­ти­мал.

Үтір на­ма­зы­ның уақы­ты – құп­тан на­ма­зы­нан кейін бас­та­ла­ды. Оның соң­ғы уақы­ты – екін­ші таң­ның атуына аз уа­қыт қал­ған­ға дейін. Үтір на­ма­зын оянуына кү­мән кел­тір­ген адам ұйық­та­май тұ­рып, ал ояна­ты­ны­на се­нім­ді жан осы на­маз­ды түн­нің ақы­ры­на дейін ке­шік­тір­се аб­зал.

Тарауих на­ма­зы­ның уақы­ты, таң­дал­ған көз­қа­рас­қа қа­рай, құп­тан на­ма­зы­нан кейін бас­та­лып, бам­дат на­ма­зы­ның уақы­ты­на дейін жал­ға­са­ды. Тарауих на­ма­зы үтір на­ма­зы­нан бұ­рын оқы­ла­ды. Бі­рақ құп­тан на­ма­зы­нан бұ­рын тарауих оқыл­са, қайта оқу­ға ту­ра ке­ле­ді.

131 Х. Дөндерен, 200.

0 пікір