Мұс­та­хап уа­қыт­тар
Мұс­та­хап уа­қыт­тар
10 жыл бұрын 7758
Қайрат Жолдыбайұлы

На­маз уа­қыт­та­ры­ның қай бө­лі­гі мұс­та­хап не­ме­се аб­зал еке­ні Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) ті­ке­лей іс жү­зін­де орын­дауы мен ха­дис­те­рін­де бел­гі­лен­ген.

Олар:

Таң (бам­дат) на­ма­зын тө­ңі­рек­ке жа­рық тү­сіп, айна­ла кө­рін­ген уа­қыт­та оқу жө­нін­де Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Таң на­ма­зын жа­рық­та оқың­дар. Өйтке­ні, мұ­ның сауабы өте үл­кен»133.

Бе­сін на­ма­зын жаз­да ке­шік­ті­ріп, сал­қын уа­қыт­та оқу – мұс­та­хап. Қыс­та бол­са, бе­сін на­маз­ды уақы­ты кі­ре оқу – мұс­та­хап. Әнас (р.а.) бы­лай дейді: «Аллаһ Ел­ші­сі қат­ты суық­та бе­сін на­ма­зын ер­те оқи­тын, жаз­да сал­қын түс­кен­ге дейін ке­шік­ті­ре­тін»134.

На­маз­ды­гер на­ма­зы­ның па­ры­зын төрт мез­гіл­де де күн­нің көз­ді ал­май­тын­дай сар­ғыш тар­қан­ға дейін ке­шік­ті­ру – мұс­та­хап.

Ақ­шам на­ма­зын кі­рі­сі­мен оқу – мұс­та­хап. Азан мен қа­мат ара­сын­да тек қа­на үш аят оқы­ла­тын­дай уа­қыт бө­лі­не­ді. Өйтке­ні, ақ­шам на­ма­зын ке­шік­ті­ру – мәк­рүһ. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді «Ақ­шам на­ма­зын жұл­дыз­дар кө­рін­ген­ге дейін ке­шік­тір­ме­се, үм­бе­тім бе­ре­кет­те»135.

Құп­тан на­ма­зын түн­нің ал­ғаш­қы үш­тен бі­рі­не дейін ке­шік­ті­ру – мұс­та­хап. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Үм­бе­ті­ме қиын бол­ма­ған­да, құп­тан на­ма­зын түн­нің үш­тен бі­рі­не дейін ке­шік­ті­ру­ді әмір етер едім»136.

Үтір на­ма­зын түн­де ояна ала­ты­ны­на сен­ген адам түн­нің ақы­ры­на дейін ке­шік­ті­ру – мұс­та­хап. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Түн­нің ақы­ры­на дейін ояна алмайтындығына қо­рық­қан адам, үтір на­ма­зын түн­нің ал­ғаш­қы уақы­тын­да оқы­сын.

Түн­нің ақы­рын­да ояна ала­ты­ны­на кө­зі жет­кен адам бол­са, үтір­ді түн­нің со­ңын­да оқы­сын. Се­бе­бі, түн­гі на­маз – пе­ріш­те­лер қа­ты­са­тын на­маз.

133 Тирмизи, Салат, 3; Дарими, Салат, 21.

134 Бухари, Жум'а 17.

135 Әбу Дәәуд, Салат, 6; Ибн Мажә; Салат; 7.

136 Тирмизи, Мәуақит, 10.

0 пікір