Мәуләнә Жәләлуддин Румидің баласына айтқан өсиеті
Мәуләнә Жәләлуддин Румидің баласына айтқан өсиеті
2 жыл бұрын 3807

Ұлым!

Егер әрдайым пейіште болғың келсе, бәрімен дос бол, жүрегіңде ешкімге ыза-кек сақтама. Ешкімнен артық нәрсе сұрама және ешкімнен артық болма. Шипалы май және шырақ сияқты бол. Ине сияқты болма.

Ұлым!

Егер ешкімнен жаманшылық келмесін десең:

  • Жаман сөзді,
  • Жаман үйретуші,
  • Жаман ойлы болма.

Өйткені бір адамды достықпен еске алсаң, әрдайым қуаныш ішінде боласың. Сол қуаныш – (ішкі жан дүниеңдегі) пейіштің дәл өзі. Ал егер әлдекімдерді дұшпандықпен еске алсаң, әрдайым қайғыланып жүресің. Бұл болса, тозақтың дәл өзі.

Достарыңды еске алғанда ішкі жан-дүниеңдегі бақшасы гүлденеді, іші раушангүл мен базилик гүлдеріне толады. Дұшпандарыңды еске алғаныңда ішің тікендер мен жыландарға толады. Жанын қысылады. Ішің түте-түте болады. (Сол себепті, дұшпаның жоқ болсын, досың көп болсын).

Барлық пайғамбарлар мен әулиелер осылай істеді. Олар іштеріңдегі жақсы мінездерін паш етті. Халық олардағы көркем мінезге иілді. Бәрі өз еріктерімен олардың ізінен жүріп, бірінің үмбеті, екіншісінің мүриді болды.

Ұлым!

Егер дұшпаныңды жақсы көргің келсе және оның да сені жақсы көргенін қаласаң, қырық күн боуы оның жақсылығын тіле, оған игілік сұра. Сонда ол сенің досыңа айналады. Өйткені тілден де көңілге жол бар.

Ұлым!

Алланың сүйіспеншілігіне оның азиз есімдері арқылы қол жеткізуге болады. Алла Тағала: «Ей пенделерім! Жүректерің тазару үшін, мені көп еске алуды тоқтатпаңдар» деп бұйырған. Жүрегің қаншалықты тазарса, Алланың нұрының жүрегіндегі жарығы да соншалықты арта түспек. Өйткені, наубайшының тандыры қаншалықты ыстық болса, алушы соншалықты көп алады, ал суық болса, алушы да болмайды... 

Түрік тілінен аударған: islam.kz

0 пікір