Әбу Насыр Әл-Фарабидің "Ұлы Дұғасы"
Әбу Насыр Әл-Фарабидің "Ұлы Дұғасы"
2 жыл бұрын 12519
Аударған Абдусамат Қасым

Әбу Насыр Әл-Фараби ұлы философ, тарихта бұрын-соңды кездеспеген ақыл иесі. «Әр ақыл иесінің табан тірер жері Ислам» демекші, Әл-Фараби сияқты алғыр адамның Құдайсыз болуы мүмкін емес болса керек. Әл-Фараби бір Құдайдың барын мойындаған мұсылман философ еді. Оның асыл дініміздің сенім-негіздеріне келінкіремейтін философиялық тұжырымдамалары болғанымен, қай уақытта да исі мұсылман жұртшылығының мақтанышы болып келді. Қазірде де бүкіл мұсылман әлемінің бетке ұстар тұлғаларының бірі ретінде саналады.  

Әбу Насыр Әл-Фарабидің бір Аллаға деген сенімінің берік екендігіне оның "Дуға-и Азим"/«Ұлы Дұға» рисәләсы (мақаласы) айғақ. Айтпақшы, ұлы тұлғаның өз қаламынан шыққан "Дуға-и Азим"/«Ұлы Дұға» рисәләсының (мақаласының) барын білетін бе едіңіздер? Оның ондай бір жазбасы барын біздің қоғамда бір білсе - философия мамандары мен Әл-Фараби танушылар білетін шығар, бірақ көпшілік оның ондай жазбасынан бейхабар. Бүгінгі жазбамызда Ұлы философтың сол бір "дұға мазмұндас" жазбасымен оқырмандарды таныстыруды көздеп отырмыз.

Мәліметтерге қарағанда Әбу Насыр әл-Фарабидің «Китабуль Милләти уә Нусусун Ухро» атты еңбегіне «әд-Дұға әл-Азим Ли Әби Наср әл-Фараби» деген атпен («Әбу Насыр Әл-Фарабидің Ұлы Дұғасы») Әл-Фарабидің құдайға жалбарынған дұға-тілегі енгізілген. Бұл дұғаның қол жазба түріндегі нұсқасының бірі қазіргі таңда Стамбул қаласындағы «Сүлеймәния» кітапханасында сақтаулы екен. Төрт беттен тұратын бұл дұға мазмұндас жазбасында ұлы философтың Ұлы Жаратушысына жалбарынған тілегі қамтылған.

«Әл-Фарабидің Ұлы Дұғасы» деген жазбаның авторға тиесілі болған-болмағандығы жөні ХХ ғасырда үлкен талас-тартысқа себеп болған деседі. Десе де, талас-тартысты философия мамандарына қалдырайық та, ұлы тұлғаның «Ұлы Дұғасында» нелер айтылғандығына назар аударалық. Дұғаның кейбір сөйлемдері өлең түрінде берілген. Біз мәтінді түрікше аудармасынан жәрдем ала отырып, араб тіліндегі нұсқасы негізінде аударуға тырыстық.

Әбу Насыр әл-Фарабидің Ұлы Дұғасы:

1) «Уа, «уәжибуль ужуд» болған (бар болуы міндетті) құдіреті күшті Аллам! Уа, себептердің себебі! Уа, бастауы жоқ, соңы жоқ Қадим Алла! Сенен сұраймын: мені қателіктерден сақта, аяғымды тайдыра көрме. Сенің разы болатын істі менің үміт еткендерімнен қыл.

اللهم إني أسألك يا واجب الوجود، ويا علة العلل، يا قديما لم يزل، أن تعصمني من الزلل، وأن تجعل لي من الأمل ما ترضاه لي من عمل

2) Уа, Аллам! Маған бүкіл жақсы қасиеттерді бере гөр. Істерімде көркем нәтижелер нәсіп қыл. Мақсат-мұраттарымда және тілеулерімде сәттілік бер. Ей, шығыстардың және батыстардың Құдайы!

Ғарыштағы өзендердің қатты ағысындай аққан жеті жұлдыздың иесі, Раббым!

Игіліктері барлық субстанцияларды (жауһар) қамтушы Алланың қалауымен ол жұлдыздар істерін атқарады.

Сатурн, Меркури және Юпитер сияқты жұлдыздардың өздерінен күмәнданам (немесе «олардан еш нәрсе күтпеймін»). Мен жақсылықты Сенен тілеймін.

اللهم امنحني ما اجتمع من المناقب، وارزقني في أموري حسن العواقب، نجح مقاصدي والمطاب، يا إله المشارق والمغارب.

رب الجواري الكنس السبع التي                     انبجست عن الكون انبجاس الأبهر

هن الفواعل عن مشيئته التي                       عمت فضائله جميع الجوهر

أصبحت أرجو الخير منك وأمتري                  زحلا ونفس عطارد والمشترى"

3) Уа, Аллам! Маған аса көркем киісті кидір. Пайғамбарлардың кереметтерін, байлардың бақытын, хәкімдердің (даналардың) ілімін, тақуалардың жан тыныштығын бер!

"اللهم ألبسني حلل البهاء، وكرامات الأنبياء، وسعادات الأغنياء، وعلوم الحكماء، وخشوع الأتقياء.

4) Уа, Аллам! Мені бақытсыздар әлемінен құтқар. Мені жамандыққа бой алдырмаған таза бауырлардың қатарынан және опалылардан қыл. Және де мені шыншылдармен, шейіттермен бірге көкте өмір сүретіндерден ете гөр.

اللهم أنقذني من عالم الشقاء، واجعلني من إخوان الصفاء وأصحاب الوفاء وسكان السماء مع الصدقين والشهداء".

5) Сен сондай Алласың - Сенен басқа құдай жоқ. Әр нәрсенің себебі және жер мен көктің нұры (– Сенсің). Маған «Фаъаль ақылдан» ілім және шабыт бер. Ей, ұлылық пен жақсылық иесі! Менің рухымды даналық нұрымен дамыт, жетілдір. Маған берген нығметке шүкір етуімді жаз. Маған ақиқатты ақиқат деп көрсет әрі ақиқатқа ілесуіме шабыт бер. Және де, маған жалғанды жалған деп көрсет әрі жалғанға құлақ асып, сенуден сақта. Жанымды алғашқы материяның батпағынан (немесе «табиғатынан) тазала (немесе «артық-кем тұсынан тазала»). Күмәнсіз, Сен - алғашқы себепсің!

Ей, бүкіл болмыстың себебі!

(Ей) Барлық нәрсе фәйзыңнан (берекетінен, ілімінен) шыққан (қайнаркөз Алла)!

Қабат-қабат көктердің Раббысы. Олардың ортасындағы қара жер мен өзендерді шоғырландырушы!

Мен бір күнәһар ретінде саған мінәжат етіп, сұраймын!

Осы күнәһар пендеңнің күнәсі мен ұқыпсыздығын кеш!

Күллі әлемнің Рабысы! Өзіңнен бір фәйз (береке, шабыт, ілім) бер.

Жанымды (рухымды, нәпсімді) материалды және рухани кірден тазарт! 

"أنت الله الذي لا إله إلا أنت، علة الأشياء، ونور الأرض والسماء،امنحني فيضا من العقل الفعال، يا ذا الجلال والإفضال، هذب نفسي بأنوار الحكمة، وأوزعني شكر ما أوليتني من نعمة، أرني الحق حقا وألهمني اتباعه، والباطل باطلا واحرمني اعتقاده واستماعه، هذب نفسي من طينة الهيولي إنك أنت العلة الأولى.

يا علة الأشياء جمعا والذي                         كانت به عن فيضه المتفجر

رب السماوات الطباق ومركز                       في وسطهن من الثرى والأبحر

إني دعوتك مستجيرا مذنبا                          فاغفر خطيئة مذنب ومقصر

هذب بفيض منك رب الكل من                     كدر الطبيعة والعناصر عنصري"

 (Жалғасы мұнда...)

0 пікір