«Жұмаққа түрегеп кіргім келеді»
«Жұмаққа түрегеп кіргім келеді»
7 жыл бұрын 3538
Құдайберді БАҒАШАР

Әнәс (р.а.) әңгімелеуде:

«Бірде Мәдинаның көшелерін басына көтерген әлдебір у-шудан төңірек ел көшкендей азан-қазан болды.

- Бұл не шу? – деп сұраған Айша (р.а.) анамызға төңірегіндегілер:

- Абдуррахман ибн Ауфтың Шамнан келген сауда керуені ғой, – деп жауап береді.

Керуенде жүк тиеген жүз түйе бар еді. Айша анамыз сол кезде:

- Мен Пайғамбарымыздың: «Абдуррахман ибн Ауфтың жәннатқа еңбектеп кіріп бара жатқанын көрдім» дегенін естіген едім, – дейді. Бұл сөз Абдуррахман ибн Ауфқа (р.а.) жеткенде:

- Шамам жетсе, еңбектеп емес, екі аяғыммен адымдап кіргім келеді, – деді де, сауаптарын арттыра түсу ниетімен әлгі керуенді жүктерімен қоса Алла жолына атады.

0 пікір