Электр шамын ойлап тапқан Эдисон, қалай Эдисон болды?
Электр шамын ойлап тапқан Эдисон, қалай Эдисон болды?
3 жыл бұрын 4655

Электр шамды (лампочка) ойлап тапқан Эдисон балалық шағында үйіне келіп "Мынау мектеп басшылығынан хат!"- деп, анасының қолына бір жапырақ қағазды ұстатты. Ананың көздері жасқа толды. Баласын қасына отырғызып, хатты дауыстап оқи бастады "Балаңыз өте дарынды, мектеп оған және оның қабілеті алдында әлсіз, ол мектепке келмей үйде білім алағаны дұрыс".

Арадан жылдар өтіп, адамзат тарихының ең дарынды тұлғаларының бірі Эдисонның анасы дүниеден озды. Анасының өлімінен біраз уақыт өткен соң, Эдисон анасының шкафынан бір жапырақ хат тауып алды. Ол жерде былай жазылған еді:
"Балаңыз өте ақылсыз, ертеңнен бастап мектепке кірмесін!"

Эдисон ұзақ уақыт көз жасын тоқтата алмады. Сосын естелік кітапшасына былай деп жазып қойды: "Эдисон өте ақылсыз бала еді. Бірақ, ол анасының көркем қызметі себебінен теңдессіз дарынға айналды!"

Шымкент Керемет, www.facebook.com парақшасынан.

0 пікір