Әзіреті Мәуләнаның ұлына айтқаны (ғибрат)
Әзіреті Мәуләнаның ұлына айтқаны (ғибрат)
25 күн бұрын 4593
Нұғман Тұрғын

Әзіреті Мәуләна Руми бір күні үйіне келсе,  кішкене ұлының қайғыланып, бір нәрсеге қобалжып отырғанын көреді. Ұлынан не болғанын сұрағанда, ұлы:

- Еш нәрсе болмады, әке – деп қысқа жауап беріпті.

Баласының бір нәрсеге көңілі қобалжулы екенін анық байқаған Мәулана Руми сыртқа шығады да, есікте ілініп тұрған қасқырдың терісін үстіне жамылып, қайта кіреді. Екі қолын жоғары көтеріп, қасқыр болып ұлый бастайды.

Әкесінің бұл қылығына қарап ұлы тырқылдап күліпті. Сонда Мәуләна Руми ұлына былай деп өсиет айтқан екен:

«Ұлым, көрдің бе?! Бұл дүниедегі уайым, қайғы дегенің де осындай. Қасқыр, негізінде, қорқынышты жыртқыш хайуан. Бірақ сен қазір қорыққан жоқсың, себебі теріні жамылып тұрған әкең екенін білдің, сол себепті, үркудің орнына күлдің. Ендеше, бұ дүниедегі қайғының да артында Раббың тұрғанын білгін және Оған сенім артқын!» - деген екен Руми.

Ғибрат:

«Қандай қиындыққа тап болсаңыз да, оған күліп қараңыз, себебі проблеманы жаратқан да, оны шешуші де Алла Тағала. Алла Тағалаға сенім артыңыз да қайғы-мұң тұңғиығына батудан аулақ болыңыз».  

0 пікір