"Әй, ұлым! Әрдайым бақытты болғың келсе, мына кеңесіме құлақ сал!"
"Әй, ұлым! Әрдайым бақытты болғың келсе, мына кеңесіме құлақ сал!"
7 ай бұрын 5583

 Мәуләнә Руми өзінің ұлына мынадай кеңестерін айтқан:  

«Әй, ұлым! Егер әрдайым пейіште болғың келсе, әркіммен дос бол. Жүрегіңде ешкімге кек сақтама. Артық нәрсе сұрама және ешкімнен артық болма. Жанға дауа болар жақпамай тәрізді бол және шырақ іспетті бол! Ине сияқты болма. Егер, әлдекімді достықпен еске алсаң, сонда әрдайым қуанышта боласың. Баста пейіш дегенім осы, қуаныш. Егер әлдекімді қастықпен еске алсаң, әрдайым көңіл-күйің түсіп, мұңайып жүресің. Мұны тозақ деймін.

Достарыңды еске алған заматта көңіл бақшаң гүл ашады, раушан мен райхан гүлдерге толады. Ал, дұшпандарды еске алған заматта, ішің тікендер мен жыландарға толады, жаның қысылады, таусыласың.

Дұшпаныңа деген сүйіспеншілік пайда болсын десең және ол да сені жақсы көрсің десең, қырық күн бойы оның жақсылығын тілеп, оған дұғада бол. Сонда дұшпан болып жүрген адамың сенің досыңа айналады. Өйткені, көңілден тілге жол табылатыны сияқты, тілден де көңілге жол бар" деген екен абыз.

А. Қасым

0 пікір