Шиіт (шиъа) ағымының тармақтары
Шиіт (шиъа) ағымының тармақтары
4 жыл бұрын 4912
Имам Жәләлуддин әс-Суюти (м 1445-1505 ж.)

(*Шиіттер (араб.: شيعة‎ — топ, ағым, секта) — Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін пайда болған ағым. Бұлар«Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін халифалыққа Әзірет Әли лайық еді» деп, Әбу Бәкір және Омардың халифалығын мойындамаған. Бірнеше сахабаларға мұнафиқтық сипатын тағып, Айша анамызды зинақорлықпен айыптады.  Қазіргі таңда Шиизм бағыты - Иран Ислам Республикасының діни ұстанымы болып табылады. Басқа бір атауы – Рафизия немесе рафизит).

Діндер мен мәзхабтарға қатысты кітап жазған бір жазушының[1] Рафизия (шиіт, шиъа) ағымын 12 тармаққа бөлгенін көрдім. Олар:

  1. Аләуия. Автор бұл тармақтағылардың «Әли пайғамбар» дейтінін әрі азандарында «Әшһәду әннә Алиян Расулуллаһ» (Әзіреті Әли Алланың пайғамбары екеніне күәлік етемін) деген сөзді қолданатынын айтқан.
  2.  Үмәуия (әмрия)[2].  Пайғамбарлық мәселесінде Әзіреті Әли - Мұхаммед пайғамбардың ортағы деп айтатындар (Әзіреті Мұхаммед пен Әзіреті Әли арасында пайғамбарлық ортақ дейтіндер).
  3. Шәъия. Мұхаммед пайғамбар Әзіреті Әлиді өзінен кейінгі орын басары болатынын өсиет еткен еді, алайда сахабалар болса Пайғамбардың өсиетіне құлақ аспай,  Алланың және Пайғамбардың әмірін тәрк етіп, басқасына биъат етті (халифа ретінде қабыл етіп, қол берді) дейтіндер. Бұлар жалған айтады. Алла бұларға қарғыс атсын. Алла сахабалардан разы болсын. Уағызымызда мензеп өтілген екінші тармақ осылар. Осы кітапта Әбу Ханифаның мына сөзін нақл еткен етінбіз (келтірген етінбіз): «Оларға таң қалам. Бұл ағымның сахабаларды адасқан деп есептеп, олардың риуаят еткен хадистерін қабылдамаулары – Құранды да қабылдамағандыққа жатады. Өйткені бізге хадистер жеткізген сахабалар, бізге Құранды да жеткізді. Егер Құранды қабылдайтын болса, (олардың жеткізген) хадистерін де қабыл етулері керек. Өйткені екеуінің де жеткізушілері бір».
  4. Исхақия. Пайғамбарлықтың Адам атадан бастап қияметке дейін жалғасатындығын айтатын ағым. Бұлардың ойынша, әһли бәйттің ілімін біліп, Құранды білетіндердің бәрі Пайғамбар[3].
  5. Нәбусия. Әзіреті Әбу Бәкір мен Әзіреті Омарды Әзіреті Әлиден жоғары санап, ол екеуін кәпір дейтіндер[4].
  6. Имамия. «Жер беті Әзіреті Хұсайнның ұрпағынан болған бір имамнан бос болмайды. Ол имам ешкімнен ілім үйренбеген, оған Жебірейіл періштенің өзі ілім үйреткен. Ол өлген жағдайда, орнына өзі сияқты басқа бір имам ауысып отырады» деп сенетіндер[5].
  7. Зәйдия. Хұсейынның ұрпақтарының бәрі намазда имамдыққа лайық болғандар. Олардың бірі бар кезде ешкімнің артында тұрып намаз оқуға болмайды дейтіндер.
  8. Рижъия. Бұлар – Әзіреті Әли мен оның достары түгелдей дүниеге қайта оралып, дұшпандарынан кек алатындығын, әрі бұрын соңды болмаған кейіпте дүниенің тәртібін жаңадан құрып, зұлымдық жайлаған жер бетінде әділдік орнататындығына сенетіндер.
  9. Лаъина. Сахабаларға қарғыс айтуды дін деп алғандар.
  10. Сә-ибә. Әзіреті Әлиді құдай дейтіндер.
  11. Нәсиха. Рұхтардың бір тәннен екінші тәнге көшетіндігіне сенетіндер (реинкарнация).
  12. Мұтараббиса. Әр дәуірде басшы деп таңдаған «Мәһди» деген адамның келетінін айтып, оған ермегендерді кәпір дейтіндер...

«Сүннеттің діндегі орны» атты кітаптан.


[1] Жазушы Хафиз Әбуль Фазл иб Насыр болса керек.
[2] Бұл ағым аудармадағы негізгі нұсқада «Үмәуия» деп айтылғанын қате болу керек. Өйткені мұндай атау тарихи тұрғыдан қарағанда ағымның жоғарыда көрсетілген көзқарастарымен сәйкеспейді. Негізі Бәдр ибн Абдулла әл-Бәдрдің нұсқасында айтылғаны сияқты «Әмрия» деп аталуы осы көзқарастарға сәйкес келеді. Сондықтан да «Әмрия» сөзі өзгеріске ұшырап, «Үмәуия» деп кетуі әбден мүмкін – аудармашы.
[3] Шәһірістәни.
[4] Шәһірістәни.
[5] Шәһірістани.

0 пікір