Біреу сұраса «Құдай тағаланың сипаты нендей?» деп, жауап бермекке керек: Құлшылық етуімізге лайық Алла тәбәракә уә тағала:
-
Жалғыз-ды,
-
Ешкімнің ол Алла тағалаға ұқсастығы, теңдестігі жоқ.
-
Ол Алла тағала дене иесі емес, сурет иесі емес, асыл, жауһардай заттар сипатында емес,
-
Мекен, я бір орын иесі емес, бос орынды толтырушыдан емес,
-
Тамақ жеушілерден, ішушілерден емес,
-
Біреуді тудырған емес, яки біреуден туған емес,
-
һәм ол Құдай тағаланың бар болуына ешбір заман жоқ (яғни, замансыз, заманға тәуелді емес, бастапқысы жоқ әзәли, ақыры жоқ соңсыз).
-
«Жиһат сәттен» (жиһәту-ситтә), яғни алты түрлі тараптан: оңы, солы, алды, арты, асты, үсті болудан таза-ды.
-
Алла тағалаға ешбір нәрсе уәжиб емес, яғни не нәрсені қалайынша жаратамын һәм бұйырамын десе – өз еркінде
-
Және Алла тағала қадим-ді, әуеліден бар-ды, барлығының (яғни, бар болуының) әуелі һәм ақыры жоқ, һәмме өткен замандарда бар-ды һәм болашақ замандарда бар-ды.
-
Ол Алла тағала ешбір нәрсені хикметсіз һәм керексіз, пайдасыз етіп жаратпады, көзімізге көрінетін зат, махлұқтардың бәрінің де керек орны бар.
Алла тағаланың «сифат субутия» деген жеті сипаты
-
Әуелі – «Хаят» яғни тірі-ді, біздің ақылымыз жетпейтін тірлікпен (тірі),
-
Алим - болушы-ды ("білуші-ді" болса керек, "Алим" - білуші-ді),
-
Құдірет - күш иесі-ді, жоқтан бар етуге һәм бардан жоқ етуге күші жетуші,
-
«Самғ» - естуші-ді, бізге рәуішті құлақпен емес (Алланың естуі бізге белгілі құлақпен емес).
-
«Басар» - көруші-ді, біз рәуішті көзбен емес,
-
«Ирадат» - тілеуші, яғни әуелде өзі тағдыр еткен нәрсесін тілеген уақытында дүниеге шығарушы,
-
«Тәкуин» - жоқтан бар етуші-ді,
-
«Кәләм» - сөйлеуші-ді, біздің ақылымыз жетпейтін сипатпен (сөйлеуші), бірақ бұл сөйлеу бізге рәуішті тілмен, әріппен, дауыспенен емес.
Жоғарыда айттық, дүниеге келген пайғамбарлардың ең ақыры – біздің пайғамбарымыз Мұхаммед Мустафа салләллаһу әләйһи уә сәлләм деп, һәм шәһәдәт, яғни куәлік иманымыз ішінде айтамыз: «куәлік беремін – жоқты бір Құдайдан басқа құдай, һәм куәлік беремін – Мұхаммед оның құлы һәм елшісі-ді» деп.
Ағартушы ғалым Ыбырай Алтынсарин, «Мұсылманшылықтың тұтқасы».