Катарлық жанкүйерлер мұсылман ойыншысының исламофобиядан жапа көргенін Германияның есіне салды
Катарлық жанкүйерлер мұсылман ойыншысының исламофобиядан жапа көргенін Германияның есіне салды
1 жыл бұрын 1099 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кеше Германия мен Испания футболшылары Доха қаласындағы жасыл алаңда бақ сынасқан болатын. Матч кезінде катарлық жанкүйерлер тегі түрік неміс ойыншысы Месут Өзілдің фото-суретін көтерді. Осылайша Германияның діни әрі ұлттық азшылықты құрайтындарға қалай қарайтынын, нәсілдік кемсітушілікке жол беретінін осындай акция арқылы білдірді. Атап айтқанда, Германия құрамасының ойыншысы, этникалық түрік Месут Өзіл Ұлттық футбол федерациясын, жанкүйерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін исламофобия мен нәсілшілдікке жол беретінін айыптаған болатын. Германияда туып-өскеніне қарамастан 2018 жылғы әлем чемпионаты кезінде жанкүйерлер мен журналистер тарапынан әділетсіздікті көрген Месут Өзіл: «Жеңіске жетсем - неміспін, ал жеңіліс тапсам мені иммигрантсың шетке қаңасыңдар», - деп мәлімдеген еді. Осы жылы (2018 ж.) Германия құрамасынан кеткен болатын.

0 пікір
Мұрағат