Катар әлем чемпионатын сәтті өткізу үшін ешбір елде болмаған қауіпсіздік әрі бақылау стратегиясын қолданды
Катар әлем чемпионатын сәтті өткізу үшін ешбір елде болмаған қауіпсіздік әрі бақылау стратегиясын қолданды
2 ай бұрын 2330 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Футболдан әлем чемпионатының сәтті өтуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Катар билігі әлемде бұрын-соңды болмаған жанкүйерлерді бақылаудың соңғы стратегиялары мен логистикалық схемаларын енгізген. Бұл жайында islam.kz порталы RNZ ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жерінің аумағы бар-жоғы 83 600 шаршы шақырым (Қазақстанның 2 724 902 шаршы шақырым аумағымен салыстырып көрсеңіз, екі ауданның жеріндей болып қалады) Катар халқының қарасы 3 млн-ға да жетпейді, соған қарамастан осы елге күллі әлем көз тіккен дүбірлі доданы өз көзімен тамашалау үшін келген меймандар саны 1,5 млн-ға жетеқабыл екен, яғни, Катар халқының жартысындай жанкүйер келген. Осыншама туристерді қабылдап, үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Катар соңғы технологияны қолдану қажет болды. 32 ұлттық құрама, 64 матч және 8 стадион және осының барлығы бір қалада – Катардың астанасы Дохада. 7 стадион бір-бірінен жарты сағат, сегізінші стадион қалғандарынан бір сағат қашықтықта орналасқан. Осы стадиондар арасында ондаған мың адамды тиімді тасымалдау үшін Катар әлемдегі ең тәжірибелі логистикалық жоспарлаушылар мен топты бақылау мамандарын жалдады. Жаңа метро жүйесі мен сансыз автобустар чемпионат қонақтарын матчтарға тоқтаусыз әкеледі. Алғашқы күндері жанкүйерлер матчтардан кейін ұзақ уақыт бойы қоршаулардың лабиринттері арқылы жүруге тура келетініне таң қалған еді, ал кейде олар бір шеңбер бойымен айналып жүргендей әсерден арыла алмаған болатын, алайда, іс жүзінде бұл көпшілікті таратудың ерекше әдісі деуге болады, дәлірегі, Катарда қолданылған - қоршау шытырмандары көпшіліктің бір-бірінің қозғалысына бөгет жасап, жаншылып қалмаудың алдын алу үшін арнайы жасалған лабиринт еді.

0 пікір
Мұрағат