ҰҚК: Он бес қазақстандық террористер лагерінен елге оралды
ҰҚК: Он бес қазақстандық террористер лагерінен елге оралды
9 жыл бұрын 4196

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков 2014 жылдың бас кезінен бері террористер лагерінен  елімізге 15 азаматтың оралғанын хабарлады. «Қазақстан қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін алғашқылардың бірі болып жауапкершілік енгізді», - деді ол «Халықаралық терроризм: осы заманғы үрдіс және оның жастарға тигізетін әсеріне қарсы тұру» атты үстелбасы әңгімесінде.  Оның келтірген мәліметіне қарағанда осы оралғандардың үшеуі түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған, екеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр, тағы екеуінің ісі қаралып жатыр. «Қалған 8 адам террористік іс-әрекетке қатысы болмағандықтан қылмыстық жауапкеошіліктен босатылды», - деп мәлімдеді.

 

Еліміз бен Орта Азияда теракті жасамақ болғандар ұсталды

Еліміздің арнайы қызметі қазақстан аумағында теракті жасау үшін Сириядан келген ел азаматының жолы кесілді. Сондай-ақ, Қырғызстан мен Өзбекстан арнайы қызметінің жәрдемімен бірқатар террористер қолға түскен. Бұл жайында ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков хабарлады. Сонымен қатар, ол Шымкент қаласында Қырғызстан азаматы болып табылатын жарылыс жасау маманының қолға түскенін де мәлім етті. Оны қолға түсірген кезде жарылғыш заттар одан тәркіленген.

 

ҰҚК жалдамалылардың қатарын толықтыру үшін шетел аспақ болған 80 азаматтың жолын кесті

ҰҚК өткен жылы, яғни, 2014 жылы терроорситердің қатарын толыықтырмақ болып, шетел аспақ болған еліміздің 80 азаматының жолын кескен. Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. «Мұндай тәсіл өзін ақтады. Қазақстаннан ағылатын рекурт айтарлықтай азайды. Өткен жылы 80-нен аса адам мұндай ниеттен бас тартқан»,- деген ол көбісі заңсыз жұмыс істейтін шетелдегі дінтану мекемелерінен білім алған жаастарды елге қайтару бағытында да жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. «Осы уақытқа дейін 90 жас адам елге оралды. Оларға отандық оқу орындары базасында дінтану бойынша білім алуға жағдай жасалуда»,- деді.

 

Қырғыстанда экстремистік топ қолға түсті

Күдіктілер Қырғызстанның Баткен облысында қолға түскен. Бұл жайында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады. 16 адамнан тұратын экстремистік топ «Хизб-ут-Тахрир» террористік ұйымының қатарында болған. «Қыырғызстанның чекистері «Экстремистік материалдарды сатып алу, дайындау, сақтау, тарату, тасымалдау және жөнелту, сондай-ақ, экстремистік ұйымдардың символикалық және атрибуттық белгілерін саналы түрде пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Экстремистердің тұрғылықты жері анықталды. Нәтижесінде рұқсат берілген тінту жүргізіліп, олардың үйінен екі травматикалық тапанша, үш оқшантай, 37 оқ, пышақ, 200-ден аса кітап пен брюшора, 300-ге жуық діни мазмұндағы компакт-диск тәркіленген. Бұған қоса, жедел әрекет ету барысында «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік тобының қызметіне шатылып, іздеуде жүрген жергілікті тағы бір тұрғын тұтқындалған.

 

Нигерия президенті елді «Боко Харам» содырларынан тазартатынына уәде етті

Нигерия президенті Годлак Жонатан (Goodluck  Jonathan) елді «Боко Харам» раадикалды тобының содырларынан бір айдың ішінде азат ететініне уәде етті. Оның айтуынша, аталмыш террористік ұйым күннен күнге әлсіреп барады. Үкімет әскерінің батыл ұрыс қимылдарының нәтижесінде сожырлар Нигерияның солтүстік-шығысындағы 3 жергілікті басқару аумағынан өзге аудандардан ығыстырылған. Үстіміздегі жылдың бас кезінен бері олар кем дегенде жергілікті басқарудағы 20 территорияны бақылауда ұстаған болатын.

 

Терактіден 150-ге жуық адам опат болды

ИСИМ-нің екі жанкешті лаңкесі Йемен астанасындағы мешітте жұма намазы кезінде өздерін жарып жіберді. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы жергілікті полиция мен куәгерлерге сілтеме жасай отырып, хабар таратты. AFP ақпарат көзінің хабарлауынша, Сана қаласындағы Бәдір мешітінде екі бірдей жарылыс орын алған. Ал үшіншісі осы шаһардағы әл-Хашуш мешітінде жарылған. Түрлі ақпарат көздерінің келтірген деректері түрлі болғанымен осынау қайғылы оқиға, қанды қасаптан ұзын саны шамамен 150-ге жуық адам опат болған. 300 адам жаарақат алған. 

0 пікір
Мұрағат