Қытай тағы бір еңсерілуі қиын елеулі проблемаға кез болды
Қытай тағы бір еңсерілуі қиын елеулі проблемаға кез болды
1 ай бұрын 4089 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай экологиялық проблеманың астында жаншылып барады – аталған ел жыл сайын 26 млн тонна қоқысқа тасталған киімді өңдеуге мәжбүр. Алайда, бұл экономикалық жағынан тиімсіз. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әуел баста экономиканы көтеру үшін тұтынушылардың сұраныс тудыру мақсатында оларды тұтынуға ынталандыратын шаралар кері әсерін беріп жатыр. Дәлірегі, Қытай аумағында жылына 5 млрд-тан аса шолақ жең көйлек (футболка) өндіріледі. Олардың көбісі – арзан әрі ұзақ киюге жарамайтын, яғни, тез тозатын сапасыз киім. Ал сән индустриясының үлесі - әлемдегі атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының шамамен 10 пайызын құрап отыр. Сарапшылардың бағалауынша, бір келі киімді қайтыра пайдаланса, 6 мың литр су мен 0,3 келі химиялық тыңайтқыш үнемделеді екен. Алайда, Қытайдағы проблема сонда – киім-кешекті өңдеу экономикалық жағынан тіпті өз-өзін ақтамайтын, керісінше шығынға батыратын жол әрі оның үстіне, кедей аудандарда киімді жиі ауыстыру үрдіске айнала қойған жоқ. Киімдердің көбісі қоқысқа тасталады. Қытай аумағындағы аса ірі 654 қоқыс алаңы тығыз, яғни, шұғыл кестемен жұмыс істесе де әрең үлгеруде. Елдегі ең ірі қоқыс алаңы 100 футбол алаңындай аумақты алып жатыр. Ол межеленген мерзімінен 25 жыл бұрын толып қойған. 2018 жылы Қытай жағалаудағы суға 200 млн текше метрден асатын қалдықты тастаған екен.

0 пікір
Мұрағат