Арзан жұмысшы күшінің дәуірі өтіп барады
Арзан жұмысшы күшінің дәуірі өтіп барады
4 жыл бұрын 2408 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Автоматтандыру технологиясының қызмет көрсетуден бастап, өндіріске дейін барлық салада кеңінен енгізіле бастауына байланысты арзан жұмысшы күшінің дәуірі өтіп барады. Бұл жайында islam.kz порталы regnum.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресейдің халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының қолданбалы экономикалық зерттеу институтының кәсіпкерлік проблемаларды зерделейтін зертхананың ғылыми қызметкері Степан Земцов regnum.ru ақпарат көзіне берген сұхбатында осындай пікір білдіріпті. Оның айутынша, әлемнің көптеген елдерінде туу көрсеткіші төмендеп, демографиялық ахуал нашарлап келеді. Осыған байланысты арзан жұмысшы күші азая бермек. Екіншіден, пандемияға байланысты жаппай оқшаулану мен карантин технологияның кеңінен енуін тездетіп жатыр. Сарапшының дерегі бойынша арзан жұмысшы күші жетіп артылатын Қытайдың өзінде еңбек құны көтеріліп келеді. Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің саяси экономия кафедрасының меңгерушісі Руслан Дзарасовтың сөзіне қарағанда, арзан жұмысшы күшін жоғары технология жылдан жылға ығыстырып келеді. Осылай дей келе ол «Болашақтағы жұмыс орны – 2020» баяндамасында келтірілген мәліметті ауызға алды: жоғары технологияның енгізілуіне байланысты әрі адам мен машина арасындағы еңбек бөлінісіндегі өзгерістердің салдарынан еңбек нарығынан 85 млн жұмыс орны жоғалатын болады. Сарапшылардың болжамына сенсек, 2025 жылға қарай әлемдегі жұмыс берушілердің 40%-дан астамы жұмыс орындарын қысқартатын болады.

0 пікір
Мұрағат