Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 жыл бұрын 2527 halaldamu.kz Қарағанды, Атырау облыстық өкілдіктерінің баспасөз қызметі
ҚАРАҒАНДЫ: "SALAM BRO" ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды шаһары тағы бір халал сертификатын иеленген мекемемен толықты. Бұл жолы ТОО «А-S fast-food» , «SALAM BRO» фаст-фуд өнімдері "ҚМДБ халал" стандарты бойынша сертификатталды.

Мекеме «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылып, "Халал Дамудың" Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов толық тексерістен өткізіп, "ҚМДБ халал" сертификатын табыстады.

Сертификаттаудан өткізу барысында «SALAM BRO» дәмханасында бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. Аталмыш дәмхана өнімдері «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал екенін хабарлаймыз!

WhatsApp Image 2021-04-10 at 20.43.21.jpeg

НҰР-СҰЛТАН: "UNAIDY" ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Елорда тұрғындарына кеңінен танылған "Unaidy" дәмханасы "QMDB halal" стандарты бойынша сертификатталды.

"QMDB halal" сертификатының маңыздылығын түсініп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арнайы келген Ләйла Сұлтанқызына "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы ұжым жұмысы мен сертификаттау барысын, стандарттау кезеңдерін, халал таңбасының өзге адалдықты анықтайтын белгілерден ерекшелігін түсіндірді.

"Халал – адалдық пен тазалықтың таңбасы. Халал сертификаттау және стандарттаумен тек діни басқарма айналысуы тиіс. "Халал Даму" ұйымы еліміздегі күллі мұсылмандардың адал ас тұтынуына жауапкершілік жүгін арқалаған ұйым. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында, барша ауыз бекіткен мұсылмандарға адал ас ұсыну ниетімен "QMDB halal" стандарты бойынша сертификаттаудан өткендеріңізге Алла разы болсын! Алла кәсіптеріңізге береке берсін! Рамазан айының жақсылығы мен сауабы сіз бен бізге болғай!" – деген Айбек Асқарбекұлы "Unaidy" дәмханасында алдағы уақытта мамандар тарапынан міндетті тексеріс жұмыстары жүргізілетінін ескертті.

Ләйлә Сұлтанқызы да өз кезегінде "Халал Даму" мамандарына алғысын білдіріп, ұжым жұмысына сәттілік тіледі.

"Unaidy" дәмханасына берілген сертификаттың мерзімі: 08.04.2021- 07.04.2022 жылдар аралығында.

Дәмді де, халал ас мәзірін ұсынатын "Unaidy" дәмханасын Нұр-Сұлтан қаласы, Дінмұхаммед Қонаев көшесі,2 мекен-жайынан таба аласыздар!

WhatsApp Image 2021-04-12 at 14.21.44.jpeg

АТЫРАУ ОБЛ.: "TENIZ QUSY" ҚҰСФАБРИКАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Атырау облысы, Құрманғазы ауылында орналасқан "Бұйырған" кәсіпкерлігіне қарасты "Teniz Qusy" құсфабрикасы "QMDB halal" сертификатына ие болды.

"Teniz Qusy" құсфабрикасы кәсіпорнының 6 түрлі тауық еті өнімі "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталды.

Құсфабрикасының өндіріс аймағы, құс азығы, техникалық жабдықтарының халал стандарт талаптарына сәйкестігі мамандар тарапынан тексеріліп, сертификаттау үшін қажетті барлық шаралар түгелдей орындалды.

"Teniz Qusy" сауда белгісімен шығарылатын құс еті өнімдерін еліміздің батыс аймағындағы сауда орындарынан таба аласыздар!

Құсфабрикасының ресми мекен-жайы: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құманғазы ауылы,Қыдыр ата көшесі 1А. Берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 20.12.2020-19.12.2021

Снимок.JPG

0 пікір
Мұрағат