Шымкентте Құран жарысы өтті
Шымкентте Құран жарысы өтті
10 жыл бұрын 5107 muftyat.kz

ҚМДБ-ның  төрағасы  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының биылғы жылды «Дін мен Дәстүр» жылы  деп жариялаған болатын. Осыған орай, ОҚО өкіл имамы Б.Мырзагелдиевтің ұйытқы болуымен, Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде Құран жарысы өтті.

Жарыс екі  бағыт бойынша  жүргізілді;

1. Толық Құран Кәрім (30 пара);
2. Құран Кәрімнің отызыншы парасы.

Толық Құран 30 пара  бойынша жүлдегерлері:

1 - орын: Сайдулла Асадулла
2 - орын: Қазбек Нұрболат
3 - орын: Мұхамеджанов Мұхаммедали

Құранның 30-шы парасы бойынша жүлдегерлері:

1 - орын: Мақанов Орынбасар
2 - орын: Асадулла Сайфулла
3 - орын: Құрбанәлиев Мұхаммеджан

Жүлделі орын алған қариларға қомақты сый-кәделер берілді. Осы іс-шараға демеушілік жасап, жас қариларға қолдау көрсеткен мешіттің жанашыр азаматы Төлеген бауырымызға Алла разы болсын. Жүлдегерлерді марапаттауға ОҚО өкіл имамының орынбасарлары М.Естеміров, Т.Дәрібаев және де басқада құрметті қонақтар қатысты. 

1 пікір
Мұрағат