ҚМДБ Төралқа мәжілісі өтті (ФОТО)
ҚМДБ Төралқа мәжілісі өтті (ФОТО)
9 жыл бұрын 3101

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында қасиетті Рамазан айына байланысты Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының және облыстардағы бас имамдардың қатысуымен Төралқа мәжілісі өтті.

Алқалы жиында Рамазанға байланысты Бас мүфтидің халыққа Үндеуі, қажылық, уағыз-насихат жұмыстары, пітір садақа мөлшері, мешіттерге ат қою, имамдарға бірыңғай шапан үлгісін бекіту секілді мәселелер талқыланып, www.fatua.kz сайтының ашылу рәсімі өтті.

«2015 жылдың 18 маусымында Рамазан айы басталады. Әр пенде сауапты амалымен, тақуалығымен Алланың алдында дәрежесі артады. Жомарт, жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге, мәселен, су тасқынынан үйсіз, шарасыз қалған отандастарымызға қайырымдылық жасауға, табиғи апат салдарынан бұзылған көпір мен жолды жөндеуге үлес қосуға, жетім мен жесірге мейірімділік танытып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге шақырамын», – деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы. Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз жуырда ашылған www.fatua.kz сайты туралы баяндап, бірыңғай пәтуалар базасы құрылғанын жеткізді. «Аталмыш сайтқа күніне 30 сауал келіп түседі. Халықты толғандырған діни мәселелерге мамандарымыз жауап береді», – деді С.Ораз.

Сонымен қатар Төралқа мәжілісінде оқу-ағарту саласы да жан-жақты талқыланды. ҚМДБ-ның облыстардағы өкіл имамдары жыл басынан бері, яғни 5 айда өңір бойынша атқарылған іс-шаралар есебін баяндады. Бас мүфти биылғы Рамазан айын жоғары деңгейде атап өту қажеттігін баса айтып, нақты тапсырамалар берді. 

muftyat.kz

0 пікір
Мұрағат