«Өскемен құс фабрикасы» сертификатталды
«Өскемен құс фабрикасы» сертификатталды
4 жыл бұрын 2229 halaldamu.kz

Отандық нарықтағы құс өнімдерінің 24 пайызын құрайтын «Өскемен құс фабрикасы» (AITAS)  «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Өскемен аймағының бас имамы Ермек Мұқатай және жергілікті инспектор-контролер Үмбет Досжанның қатысуымен өндіріс аймағында бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізіліп, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар шаралары өтті.

Аудит соңында «Өскемен құс фабрикасының» бас директоры Ришат Мырзағазыұлына «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды. «AITAS» – 40 жылға жуық тұтынушыларды сапалы құс еті өнімдерімен қамтамасыз етіп келе жатқан, ірі құс фабрикалардың бірі.

«Кус-Вкус» және «UKPF» сауда белгілерімен шығарылатын «Өскемен құс фабрикасының» 85 түрлі өнімі «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды.

Атап айтқанда, 30 түрлі мұздатылған өнімдер, 30 салқындатылған және 14 маринадталған жартылай дайын өнімдер ассортиментін құрайды. Құс фабрикасында «Халал Даму» мамандары тарапынан оқытылған, мұсылман қасапшылар жұмыс істейді. Барлық құс тек қолмен бауыздалады. Кәсіпорын тәулігіне 50000 құс сойып,  етін өңдеуге қауқарлы.

«AITAS» құс фабрикасына берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 1.10.2020-30.09.2021 ж.

0 пікір
Мұрағат