Интернетке тәуелділікпен күрес шараларын конституцияға қайшы деп есептейді
Интернетке тәуелділікпен күрес шараларын конституцияға қайшы деп есептейді
4 жыл бұрын 3204 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның Кагава префектурасында 2020 жылдың сәуір айында қолданысқа енген онлайн ойындарға тәуелділікке қарсы күншығыс еліндегі тұңғыш рет қабылданған қаулыны адамның ақпарат алу құқығына қол сұғады деп есептейтіндер бар. Бұл жайында жапон тілінде хабар тарататын FNN Prime Online ақпарат көзі мәлім етеді.

Осы орайда әлемнің әр елі интернетке тәуелділікпен күресті өзінше жүргізіп жатыр немесе мұндай күрес жүргізбейтін де елдер бар. Десе де интернетке тәуелділікпен күрес шаралары ұқсас келеді. Қытайда жасөспірімдер мен жеткіншектердің интернетті пайдалану уақытын шектеген болатын, бұл тәжірибе күншығыс елінде де жалғасын тапқан еді. Технологиялық жетістіктер адамзаттың дамуын жеделткенімен оның да көлеңкелі тұстары шығып жатыр. Солардың бірі – интернетке тәуелділік.

Онлайн ойындар жасөспірімнің уақытын алып қоймай, сонымен қатар, оның денсаулығына және психикасына залал келтіреді. Бұдан бөлек, олардың академиялық қабілетін шектеп, физиологиялық дамуын тежейді. 2018 жылдың маусым айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі интернетке тәуелділікті халықаралық аурулар жіктелімінің 11-ші тізіліміне енгізді. Яғни, интернетке тәуелділікті ауру деп таныды. Осы себепті, күншығыс елінің билігі жасы 18-ден төмен балаларға онлайн ойын уақытына шектеу енгізді: жай күндері 60 минут, ал демалыс күндері 90 минуттан асырмауы тиіс. Бұған ата-аналар жауапты. Жапон билігінің аталмыш қаулысындағы талаптың орындалуы міндетті болғанымен оған қандай да бір жаза қарастырылмаған.

Осыдан бірер күн бұрын, яғни, қыркүйек айының 30-ы күні Такамацу қаласының жоғары сынып оқушысы (суретте - ред.) мен оның анасы Такамацу қаласы билігінің үстінен аудандық сотқа шағымданды - аталмыш қаулының конституциямен кепілдік берілген адам құқығына қайшы келетіні үшін. Тек шағымданып қоймай, зиян шектіргені үшін өтемақы ретінде 1,6 млн йен талап етіп отыр. 2020 жылдың қаңтар айында аталмыш префектура билігі жай күндері бұл шектеуді 60 минутқа белгілегенде қуынушы, яғни, шағым түсіруші 600-ге тарта адамның қолы қойылған петицияны жергілікті билікке табыс еткен еді.

Мемлекеттің әлеуметтік желіні пайдалану мен онлайн ойынды реттеуі қаншалықты дұрыс? 16 жастағы қуынушы жасөспірімнің айтуынша, бұл мемлекеттің ісі емес, отбасылық мәселе. Оның аргументі де ақылға қонымды: бұрын адамдар кітапты бас алмай оқитын. Қазіргінің кітабы – смартфон. Яғни, элкетронды құралдан оқиды керегін.

0 пікір
Мұрағат