"Kaz Trade Corporation" емдік-профилактикалық өнімдері сертификатталды
"Kaz Trade Corporation" емдік-профилактикалық өнімдері сертификатталды
1 ай бұрын 411 halaldamu.kz

"Kaz Trade Corporation" сауда белгісімен шығарылатын, емдік шөптер негізінде дайындалған профилактикалық өнімдер «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды. Жергілікті өкіл Маратхан Чадаев пен технолог мамандардың бірлескен жұмысы нәтижесінен соң «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталып, «ҚМДБ халал» куәлігі табысталды.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с) жеткен хадистер мен Құран аяттарына сүйене отырып, Ислам медицинасы негізінде жасалған "Kaz Trade Corporation" емдік өнімдері «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталды. «Kaz Trade Corporation» сауда белгісімен шығарылатын Бальзам өнімдері: «Active life», «Мiracle Spring», «Healthy life», «Premium Complex Алтын», «100 жас», «Ұзақ өмір», «Алмазный», Қара зере майы: «Naqi», «ALTABIEA», «Bio-Zere», «AL-HASANA», «AL-HAYAT», «Flower life», «iSaulyk Black seed», «iSaulyk OMEGA 3,6,9», «iSaulyk GARLIC», «iSaulyk зәйтүн майы», «Naqi OMEGA 3,6,9» Балдырдан жасалған өнімдер: «Ламиналь», «Лактофарэн», «Биолам», «Balalife» берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі 16.02.2021-15.02.2022

Қандай да бір ауру-сырқаттан Алла Тағала рұқсат еткен амалдармен оның емін, шипасын іздеу керектігі жайлы ардақты пайғамбарымыздың хадистерінде көптеп айтылады. Абу Саида аль-Худриден келген риуаятта Аллаһ елшісі (с.ғ.с) былай деген: «Аллаһ Тағала бірде-бір ауруды шипасыз бермеген, өлімнен басқасының емін тек зерттеуші біледі, оны надан адам білмейді» (имам Ибн Маджа). 

a02fc29b-ff9a-4ec7-ba9c-90bf6e957437.jfif

0 пікір
Мұрағат