Ғалымдар атеист пен теист арасындағы моралдық құндылықтар айырмашылығын анықтады
Ғалымдар атеист пен теист арасындағы моралдық құндылықтар айырмашылығын анықтады
3 жыл бұрын 2757 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, атеистер мен құдайға сенушілердің моралдық құндылықтарға қатысты ұстанымдарында айырмашылық бар болып шықты. Морал – біреу, яғни, адамгершілік мәселесі адамзатқа ортақ. Десе де, бұл айырмашылық, әсіресе, халықтың аз қорғалған тобын қорғауға қатысты мәселеде кездеседі: атеистер адамдардың бірігуіне ықпал ететін құндылықтан гөрі олардың адамгершілік негізіндегі әрекеті мен оның салдарының моралдығына жете назар аударатын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған PLoS ONE мерзімді басылымы мен осы турасында хабар таратқан phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Атеистер мен теистердің (құдайға сенушілер) моралдық құндылықтарына қатысты бір емес, екі мәрте ауқымды сауалнама жүргізілген екен – ғалымдар Amazon компаниясының Mechanical Turk платформасының көмегімен 429 атеист пен теисттен моралдық құндылық туралы көзқарастарын біледі. Бұдан бөлек, тұрғындарының 85%-ы өздерін атеист санайтын Швеция азаматтарының 70%-дан астамын қамтыған әрі АҚШ-тың 4193 атеисі мен теисіне сауалнама жүргізген. Сауалнама нәтижесінде теистердің атеистерге қарағанда адамдарды біріктіретін моралдық құндылықтарды жақтайтынын көрсетіп берді. Ал атеистер адамның өнегелік қасиетін оның салдарына қарап бағалауға бейім тұратыны белгілі болды. Бұл зерттеуден тағы нені аңғаруға болады? Атеистердің өнегесіз әрекеттерінің негізінде адамдарды біріктіретін моралдық құндылықтардан бойын аулақ салатын ерекшелігі жататынын да көрсетіп берді. Десе де ғалымдар бұл зерттеумен шектеліп қалмай, бұл бағыттағы ізденісін одан ары жалғастыруға ниетті.

Ұқсас материал: 

«Бүгінгі атеизм дінге емес, адамның өзіне қарсы бағытталған» - сарапшы" 

0 пікір
Мұрағат