Қазақстанда теміржол билеттеріне динамикалық баға енгізіледі
Қазақстанда теміржол билеттеріне динамикалық баға енгізіледі
10 жыл бұрын 3573

Билетті ерте сатып алғандарға 35%-ға дейін жеңілдік қарастырылуы мүмкін. Алайда, бұл арада пойыздың аттану уақытына байланысты сұраныстың деңгейі ескерілетін болады. Яғни, сұраныстың деңгейіне қарай билет құны өзгеруі ықтимал. Бұл жайында «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі хабар таратты.

Үстіміздегі жылдың қазан айының 1-нен бастап, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызына қатысты динамикалық жүйені енгізетін болды. Бұл жайында осы компанияның баспасөз қызметі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, аталмыш пойыз кестесінде мынадай өзгерістер енгізіледі: 19/20 Астана-Атырау, 87/88 Ақтөбе-Астана, 79/80 Астана-Шымкент, 77/78 Алматы-Атырау, 49/50 Алматы-Ақтөбе; жыл аяғына дейін мынадай бағыттар бойынша пойыздар қатынайды: 89/90 Астана-Қызыл-Орда, 67/68 Астана-Защита (Өскемен қаласы), 69/70 Алматы-Защита (Өскемен қаласы), 35/36 Алматы-Шымкент.

Ары кеткенде 44 күн, бері алғанда 35 күн ерте алса – 30-35% жеңілдік қарастырылады: 34-25 күн бұрын – 20-25% жеңілдік; 24-8 күн бұрын – 15% жеңілдік.

0 пікір
Мұрағат