ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ САЙЫН 2000-ҒА ЖУЫҚ АДАМ КӨРУ ҚАБІЛЕТІНЕН АЙРЫЛАДЫ
ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ САЙЫН 2000-ҒА ЖУЫҚ АДАМ КӨРУ ҚАБІЛЕТІНЕН АЙРЫЛАДЫ
9 жыл бұрын 8347 qamshy.kz

Соқырлықты алдын-алу бойынша халықаралық агенттік мәліметінше шамамен 285 миллион адам көру қабілетінің нашарлауынан зардап шегеді. Бұл көрсеткіштің 19 миллионынан астамы-балалар, ал 39 миллион адам тіптен көру қабілетінен айрылған жандар. Ескере кететін бір жайт, , егер де дер кезінде дәрігер көмегіне жүгініп, қажетті алдын-алу мен күтім шаралары жүргізілсе, осы көрсеткіштің 80 %-ын алдын-алуға болар еді

            Қазақстанда ресми дерек бойынша жылына шамамен 1 миллион тұрғын офтальмолог дәрігер көмегіне жүгінеді.  Негізгі себеп-қабыну аурулары, алыстан көрмеушілік, катаракта, глаукома, жас шамасы макулярлы дегенерация. Жыл сайын елімізде көру қабілеті бойынша  2000-ға жуық адам мүгедек атанады. Тіркелген  зағип жандар саны 56 000 адамды құраса, оның 1800 балалар болып саналады. Бір өкініштісі, көру қабілеті бойынша тіркелген мүгедектердің басым бөлігі еңбек жасындағы жас азаматтар еншісінде. Бұл статистика кімді болса да ойландыра қоятыны сөзсіз.    

   Бүгін - дүниежүзілік көз жанарының күні (World Sight Day).  Бұл күні әлемнің барлық офтальмологтары көпшілікті көз жанарын сақтап қалу мен  көздің қөру қабілетінен айрылған жандардың сауығуы мәселесіне назар салуға шақырады.

       Тұрсынгүл  Ботабекова, ҚР ҰҒА –корреспондент мүшесі,  медицина ғылымдарының докторы, профессор:

«Көз-өте күрделі әрі нәзік ағза, салмағы небәрі 7-8 грамм. Әрбір адам баласы көздің  қаншалықты маңызды екенін сөзсіз біледі.  Алайда бүгінде офтальмологтар тек қана көз ауруларын емдеп қана қоймай, емделушілердің нанымы мен менталитетімен де қатар  күресіп келуде. Оған себеп, емделуші өзінің ағзасына қажет деңгейінде назар салмай, күтім жасамай дәрігердің алдына медицинаға зор үміт артып келуі!»

                Бүгінгі таңда  офтальмологиялық ауру түрлеріне жаңа туылған сәбилер де шалдығуда, басым көпшілігі шала туылған нәрестелер. Елімізде жылына  ай-күні толмаған шамамен 20 мың  сәби дүниеге келеді, оның 20 % шала туылғандар ретинопатиясы  дертіне шалдығады, егер де бұл сәбилер дер кезінде дәрігерге қаралмаса және  ем-дом шараларын алмаса, болашақта көру қабілетінен мүлдем айрылуы мүмкін.  

     Жалпы білім беру бағдарламаларынаң қүрделенуі, жаппай компьютерлену, көру  мүшесіне   зор салмақ түсіруде. Мәселен, мектеп қабырғасын аттаған сәтте көру қабілетінің нашарлығы 4% балаларда кездессе, жоғары сыныптарда бұл сан  40-45% құрайды.  
     Әлемде өмір сүру жасының ұзақтығы ұлғайған сайын, жас шамасына қатысты катаркта, глаукома сынды ауру түрлерінің саны артуда.    

          Дүниежүзілік көз жанарының күні әлемде  көру қабілетінің нашарлауын алдын-алу мақсатында түрлі іс-шаралар өтеді. Бұл күні офтальмологтар барлығын жасына, өмір сүру салтына қарамастан дәрігерге қаралып тұруға шақырады. Кез келген ауруды бастапқы сатысында емдеген оң нәтижеге жетудің бірден-бір кепілі!

     8 қазан күні  Қазақ көз аурулары ҒЗИ  осы дата аясында Ашық есік күндерін өткізіп, Балалар үйі мен Қарттар үйінде қайырымдылық тексеру шараларын жүргізеді.  Бұл үрдіс еліміздің басқа да аймақтарында жалғасын таппақ.

 

Айгерім Кожахметова

0 пікір
Мұрағат