Қазақстанда екпеден бас тартқандарды жазалау ұсынылды
Қазақстанда екпеден бас тартқандарды жазалау ұсынылды
9 жыл бұрын 3853

Діни наным-сенімге байланысты екпеден бас тартқандарды жазалау керек немесе кейбір екпе түрлері міндетті түрде бекітілсін.

Сенаттың жалпы отырысында депутат Сәрсенбай Еңсегенов жауапты министрлікке осындай ұсыныс білдірген. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі Астана телеарнасына сіілтеме жасай отырып, хабар таратты. Сенатор елімізде діни наным-сенімге байланысты баласына екпе салғызбайтын ата-ана көбейіп кеткенін, бала-бақша, мектептегі өзге ата-аналардың бұған алаңдайтынын жеткізді. "Екпесіз балаға еш жерде шектеу жоқ. Көпшілік орындарда індеттен сақтанбағандар қауіп туғызып отыр", - деді ол. Сондықтан депутат заңға жазалау немесе міндеттеу тетіктерін енгізуді ұсынды. "2013 жылы 3940 адам екпеден бас тартса, оның 1709 немесе 53 пайызы осы діни себеппен бас тартқан. Ал 2014 жылдың 6 айында мұндай себеппен бас тарту 2040 - 70 пайызға дейін артып отыр", - деді парламент сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов.

 

Жаңаөзенде ауруханаға 30 бала түскеннен кейін қызылшаға қарсы екпе жасау тоқтатылды

Жаңаөзенде қызылшаға қарсы екпе жасалғаннан кейін 30 адам ауруханаға түсті, екпе уақытша тоқтатылды, деп хабарлады Маңғыстау облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Валерий Нейзер.

"Қазір екпені уақытша тоқтаттық. Тексеру жүргізілуде. Ақтауда ондай жағдай (екпе жасалғаннан кейін ауруханаға түсу – ҚазАГ) байқалып жатқан жоқ", - деді Нейзер бейсенбіде.

Ол екпе жасалғаннан кейін ауруханаға 30 адамның түскенін растады, олардың ішінде 15-19 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер бар.

"Иә, 15-19 жас аралығындағы 30 оқушы мен студент ауруханаға түсті. Қызылшаға қарсы жоспарлы екпе жүргізілген еді. Бір қыз балада тіпті ауыр болды, себебі ол бұған дейін ауырған екен", - деп түсіндірді Валерий Нейзер.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ауруханадағылардың барлығы жазылып шыққан. Бұл ретте ол ауруханаға түскендердің біразының қыз балалар екенін айтты.

Еске салсақ, ақпан айының басында Қарағанды облысында қызылшаға қарсы екпе жасалғаннан кейін ауруханаға Теміртау медициналық колледжінің 18 студенті келіп түскен.

Барлығы колледждің 178 оқушысына екпе жасалған. Кейін "медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндетін тиісті түрде атқармауы" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Қызылшаға қарсы екпеден Қазақстандықтар жаппай ауруханаға түсіп жатыр

Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша екпе тоқтатылды. Оған Теміртау мен Жаңаөзен қалаларында жағымсыз жағдайлардың тіркелуі себеп.

"Екпені тоқтату туралы шешімді елдің бас санитары Жандарбек Бекшин қабылдады", - деп Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы ақпаратқа сүйенсек, иммундау процесі наурыздың екісіне дейін тоқтатылды. Осы уақытқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп, вакцинаға Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық экспертиза орталығы зерттеу жасамақ.

0 пікір
Мұрағат