«Қазақ күресінен» мешіт жамағаттары арасында II-Республикалық турнир өтеді
|
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылы 6 маусымда Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесіне мешіт жамағаттары арасында «Қазақ күресінен» түйе палуандар арасында II-Республикалық турнир өтеді. Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Палуандарды тіркеу және салмақ өлшеу жұмыстары 2015 жылы 03 маусымда сағат 14:00-19:00 аралығында, спортшылардың жарысқа дайындықтарын (тізелерін жауып тұратын спорттық киім үлгісі, жарысқа қатысуға денсулығы жарамды екенін анықтайтын дәрігерлік анықтама) тексеру, жеребе тарту шаралары 04 маусым күні сағат 15:00-17:00-ге дейін ҚМДБ-ның Алматы қаласындағы ғимаратында өтеді.
ЕСКЕРТУ
- Жарысқа 18 жастан жоғары ересектер жіберіледі.
- Салмағы 74 кг. жоғары болуы шарт.
- Әр палуанның өзімен бірге төлқұжаты және (жарысқа қатысуға денсулығы жарамды екенін анықтайтын) дәрігерлік анықтамасы болу керек.
- Кәсіпқой спортшылар жарысқа жіберілмейді. Жарысқа тек әуесқой спортшылар ғана қатыса алады.
МАРАПАТТАУ
- I орын –қажылық
- II орын – умра
- III орын – бағалы жүлде
Сонымен қатар Бас мүфтидің мақтау қағазы және медальдармен марапатталады.
Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Суға жүзуді, садақ атуды, атқа отыруды, күресуді, жүгіруді үйреніңдер, әрі өзгелерге оны үйретіңдер», – деген.