|
Қайрат Жолдыбайұлы мешітке қызметке келді
|
Бүгін исламтанушы ғалым, PhD докторы Қайрат Жолдыбайұлы "Нұр-Мүбəрак" университеті жанындағы мешітке бас имамдық қызметіне тағайындалды. Осыған дейін ғылыми жұмыстармен айналысып жүрген ағамыз жаңа қызметі туралы: "Қазіргі таңда Құранға қатысты іргелі еңбектер жазудың дайындығына кірісіп кеттім. Мені танитын көпшілік жамағат мешітте де уағыз айтып, дәріс беруімді өтініп жүр. Сондықтан ғылыми жұмыстарыма кедергі келтірмейтін шағын, оңашалау мешіт имамдығын қатар алып жүруді де жоспарлап отырмын", – деді.
Islam.kz порталының бас редакторы Қайрат Жолдыбайұлына жаңа қызметінде сәттілік тілейміз!
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)