Құстар әлемі. Тосыннан түсірілгенде (таңғажайып фото)
Құстар әлемі. Тосыннан түсірілгенде (таңғажайып фото)
7 жыл бұрын 7694 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Nature Photographers фото-банкі мен британиялық орнитологиялық трест өткен жылы таспаға тартылып қалған құстар суретін іріктеп, Bird Photographer of the Year байқауының қорытындысын шығарды. "Фото-суреттердің деңгейі сөзсіз жоғары",- деп баға берді қазылар жетекшісі, британдық натуралист Крис Пэкхем. Айта кетейік, аталмыш байқауға мұсылмандар да қатысып қоймай, жүлделіо ррыннан көрінді. 

 

 

Фото: Grey Heron / Nature Photographers Ltd

 

Ахмет Алесса есімді фотограф Кувейтте таспаға тартып алған мына суреті "Деталға ұқыптылығы үшін" аталымы бойынша жеңімпаз атанды


Фото: Kelvin Dao / Nature Photographers Ltd

"Бұл қандай әдемі құс?" деп атапты Келвин Дао есімді фотограф өз туындысын. Ол автокөліктің айнасынан өз бейнесін бақылаған тоқылдақты Сингапурде таспаға тартып алған екен. Айта кетейік, оның бұл еңбегі жүлделі орыннан көрінбесе де "Қала мен бақтардағы құстар" аталымы бойынша құрметке ие болды.

 

Фото: Ionel Onofras / Nature Photographers Ltd

Румындық Ионел Онофриас Дунай өзенінен қызғылт-саоы бірқазанды таспаға тартып алған. Айта кетейік, кәрі құрлықтағы ең ірі бұл өзенде бірқазанның түр-түрі кездеседі. Мамандардың есебіне қарағанда, аталған өзенде бірқазанның 3,5 мың жұбы тіршілік етеді. 

 

Фото: Jamie Hall / Nature Photographers Ltd

Британдық фотограф Джейми Холланың ауласында тышқан аулаған үкінің суреті "Қала мен бақтардағы құстар" деп аталатын аталымы бойыншы бірінші жүлдеге ие болды. Джеймге сәттілік өз аяғымен келді десе де болады. Ол жақсы сурет үшін фотоаппаратын арқалап, жер шарлап әуре болған жоқ. 

 

Фото: Vince Burton / Nature Photographers Ltd

"Мына балықшы құс өзі аулаған балықты көкке лақтырып, қайта қағып алды" деп еске алды британдық  фотограф Винс Баттон. Ол осы сәтті таспаға тартып үлгерген екен. Оны бұл суреті "Құстың мінез-құлқы" категориясы бойынша жүлделі орынға ие болды. 

 

Фото: Ben Hall / Nature Photographers Ltd

 

Британдық фотограф Бен Холл Чилидің Торрес-дель-Пайн атты ұлттық қорығында таулардың үстінде қалықтап жүрген андтық кондорды таспаға тартып алыпты. Айта кетейік, бұл құстың жайған қанатының ұзындығы үш метрден асып кетеді. "Тағбиғат аясындағы құс" аталымы бойынша алтын медалға ие болды. 

 

Фото: Pål Hermansen / Nature Photographers Ltd

Балапанын ерткен үйрек. Пал Хермансен есімді фотографтың туындысы. "Портретер" аталымы бойынша үшінші орыннан көрінді. 

 

Фото: Bret Charman / Nature Photographers Ltd

Фотограф Брет Черман. Австралия. "Ұшқан құс" категориясы бойынша алтын алып берді туынды авторына. 

Фото: Tibor Litauszki / Nature Photographers Ltd

Фотошоп емес, портретке бергісіз бұл сурет өткен жылы жүлделі орын алды. 

 

Фото: Alejandro Prieto Rojas / Nature Photographers Ltd

Мексикалық фотограф Алехандро Прието Рохастың бұл еңбегі 5 мың фунт стрелингтік бас жүлдені қанжығасына байлады. 


Фото: Jessica Winter / Nature Photographers Ltd

 

Бұл кадр "деталға ұқыптылық" аталымы бойынша иесіне қола жүлдені алып берді.

Фото: Georgina Steytler / Nature Photographers Ltd

Джорджина Стейтлердің бұл еңбегі өткен жылы "Ұшқан құс" аталымында жеңімпаз атанды. 

 

Фото: Jose Garcia / Nature Photographers Ltd

Фотограф Хосе Гарсиясың бұл таспасында құсқа жем болғысы келмеген бақаның жанталасы бейнеленген. АҚШ-тың Флорида штатындағы Эверглейд ұлттық қорығында түсірілген. 

Фото: Markus Varesvuo / Nature Photographers Ltd

Финляндияның солтүстік-шығысында таспаға тартылып алынған екен. Финдік фотограф Маркус Варесвуоның бұл еңбегі "Креатив" аталымында жеңімпаз атанды. 

0 пікір
Мұрағат